"Turan Archaeology" ғылыми журналы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрылтайшылығымен ашылған. Журналға 2026 жылдың 18 наурызында "Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінен Мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қою туралы №KZ53VPY00144769 куәлік алынды.

Журнал 3 айда бір, жылына төрт рет жарияланады. Мақалалар қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде қабылданады. Ғылыми журнал археология, пәнаралық зерттеулер бағыттарында мақала жариялайды. Таралу аумағы Қазақстан Республикасы, алыс және жақын шетел.