Баласағұн арқылы өтіп Сарайшыққа жеткен керуен жолдар
29 40
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47526/3136-9650.493Кілт сөздер:
Баласағұн, Сарайшық, Жібек жолы, асу, керуен, транзит, торап, арна, бағыт, қалалық мәдениетАңдатпа
Мақалада ортағасырлық Қазақстан территориясында саяси-әлеуметтік тұрғыдан гүлденген қалалардың (Баласағұн (Ақтөбе), Исфиджаб, Яссы, Баршынкент, Сарайшық т.б.) қазіргі жай-күйі, экологиялық ахуалы, ескерткіштерде жүргізілген археологиялық зерттеулер және олардан алынған ғылыми нәтижелер, тарихи-топографиялық құрылымы, ерекшелігі, мерзімделу мәселелері жан-жақты қамтылды. Археология ғылымында кең түрде қолданылып жүрген модельдік заңдылықтарға сүйене отырып ортағасырлық Баласағұн және Сарайшық т.б. оның бойында орналасқан қалашықтар жүйесін байланыстыратын керуен жолдарын, жол бағыттарын, әлеуметтік-экономикалық қызметтерін әдіснамалық тұрғыда талданып, жан-жақты ашып көрсетілді. Зерттеудің талдау бөлімінде Шу-Талас өңіріндегі Тараз, Баласағұн, Сырдария-Қаратау алқабында орналасқан Түркістан, Сығанақ қалалары, сонымен қоса Үстірт және батыс Қазақстан аумағынан Сарайшық қалалық орталықтарының өзара байланысын қарастырып, Жібек жолының Қазақстан арқылы өткен керуен жолдарының ғылыми негіздемесі жазылады. Ғылыми негіздемені жазуда ландшафтық және кеңістіктік талдау тәсілдері қолданылды. Мақаланың геотарихи шекаралары, оңтүстік-шығыс жағынан Баласағұн қаласынан бастау ала отырып, батыс өңіріндегі Сарайшық қалашығы болып табылады. Бұл екі ескерткіштің мақалаға арқау болуының екі себебі бар: 1) Ұлы Жібек жолы бойындағы маңызды транзиттік бекет қызметін атқаруы; 2) Қазақстандық керуен жолдардың тоғысатын тоғыз жолдың торабында орналасуымен байланысты. Бұл мәселелер мақаланың нәтиже бөлімінде тарқатылып, жіктеледі. Мақаланың материалдық базасын топтауда отандық зерттеушілер: Ә.Х. Марғұлан, Л.Б. Ерзакович, К.М. Байпаков, С. Жолдасбаев, Т.В. Савельева, М. Елеуов, А. Нұржанов, Д. Талеев. Е. Ақымбек, Ә. Тажекеевтің еңбектері қолданылып, оның ішінде Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясы арқылы өткен керуен жолдары мен оның жүрген бағыттары, жалпы керуен жолдар тақырыбының қалыптасу тарихы, ортағасырлық ескерткіштердің қалалану үдерісі жөнінде, Жетісу, Шу-Талас, Сырдария-Қаратау өңірі, Үстірт шоққылары, Жайық жағысмен жүрген ортағасырлық жолдарға қатысты зерттеулер қарастырылады. Сонмен қатар Ұлы Жібек жолы тақырыбы төңіріегінде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізген шетелдік ғалымдар: П. Франкоппен, К. Като, Э.В. Ртвеладзенің еңбектерін негізге ала отырып, салыстырмалы-талдау жұмыстары жасалып, тұшымды нәтиежелер алынды. Ең алдымен ортағасырлық Баласағұн және Сарайшық ескерткіштерінің арасын байланыстырған керуен жолдарының бағыттары яғни, Шу-Талас, Сырдария-Қаратау, Үстірт-Мұғалжар, Жайық-Сарайышық керуен жолдары деп жітеліп, аталған керуен жолдарының пайда болуы мен даму тарихына қатысты ғылыми тұжырымдар мақала нәтижесінде ұсынылады. Шу өзені бойында орналасқан Баласағұн қалашығынан шыққан керуендер онан әрі Талас өзенінін жағалай Қаратауға, онан Сыр бойына, онан әрі Арал теңізін айналып өтіп көне Мұғалжар тау шатқалдарына, онан Үстірт бағыты арқылы Жайықты бойлай Сарайшық қалашығына жеткені және осы аралықта орналасқан белгілі тарихи ескерткіш нысандарының қазіргі экологиялық ахуалы жайында тың ақпараттар беріледі.
Әдебиеттер тізімі
Акымбек Е.Ш. 2022. Жазба деректердегі Қастек және Ырғайты асулары. Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті хабаршы. № 3 (106). Б. 168-182.
Байпаков К.М. 1986. Средневековая городская культура Казахстана и Средней Азии. Алматы. 256 б.
Байпаков К., Нұржанов А. 1992. Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы. Қазақстан. 208 б.
Байпаков К. М. 2007. Великий Шелковый путь на территории Казахстана. Алматы: Адамар. 496 с.
Елеуов М., 2021. Ортағасырлық Ақтөбе қаласының қорғаныс жүйесі: монография. Алматы. Қазақ университеті. 106 б.
Елеуов М. 1998. Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары (VI–XII ғ. басы). Алматы. 210 б.
Елеуов М. 1999. Шу–Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендері (VI–XIII ғ. басы). Алматы. 360 б.
Елеуов М. 2017. Сырдарияның орта ағысы мен Қаратаудың ортағасырлық керуен жолдары. Түркістан аймағындағы археологиялық ескерткіштердің сабақтастығы: халық. ғыл. конф. матер.Түркістан. Б. 90-102.
Елеуов М., Есенов С. 2019. Қазақстанның оңтүстік өңірі арқылы өткен керуен жолдары. Ұлы Жібек жолы – бейбітшілік, келісім және тұрақтылық жолы. атты І-ші Халықаралық конференциясының материалдары. Түркістан. Тұран баспасы. 334 б.
Елеуов М. 2021. Ортағасырлық Ақтөбе қаласы арқылы өткен керуен жолдар. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуұлы Елеуовтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Жібек жолы мен Қазақстан керуен жолдарының урбанизация үдерісіндегі маңызы» атты халықаралық далалық семинар материалдары. Жауапты ред. Р.С. Жуматаев. Алматы: Қазақ университеті. 42 б.
Елеуов М., Молдахмет А.A., Жүсіпназар М.И. 2025. Ортағасырлық Ақтөбе: аңыз бен ақиқат. Turkic Studies Journal. Т. 7. № 2. 44-63 б. DOI: http://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-2-44-63
Ерзакович Л.Б. 1969. Караванные пути юга Казахсатна в ХІІІ-XVІІІ вв. Известия АН Каз ССР. № 2. С. 79-85.
Жолдасбаев С. 2015. Великий Щелковый путь и его историческое значение. Великий Щелковый путь и Казахское ханство на ркбеже тысячелетей. Сборник материалов Междунородного историко-археологического конференции. Тараз. 278 с.
Маргулан А.Х. 1949. Древние караванные пути через Бетпак дала. Вестник АН КазССР. № 1. С. 68-78
Маргулан А.Х. 1950. Из истории городов и строительного искусства древнего Казахстана. Алма-Ата. 112–121 бб.
Мұқтар, Ә., Ахметова, У., Петров, П., Жұмабаев, Тұрарұлы, А. 2024. Ортағасырлық Сарайшық: тарихи деректері, археологиясы, нумизматикасы, картографиясы. Ұжымдық монография. Алматы. «Қазақ тілі» баспасы. 368 б.
Нуржанов А. 2015. Великий Шелковый путь – путь цивилизаций. Вестник КазНПУ имени Абая. Серия исторические и социально-политические науки. № 4 (47). С. 112–118.
Ртвеладзе Э.В. 1999. Великий Шелковый путь. Энциклопедический справочник: Древность и Средневековье.Ташкент: Узбекистан миллий энциклопедияси. 280 с.
Савельева Т.В. 1991. Оседлое население предгорий Заилийского Алатау в VI–XIV вв. Алматы. 34-41 сс.
Сарайшық – бабалар мұрасы. 2015. Сарайшық қалашығының тарихы туралы дерексөздер. Құр. Ж.К. Жұмабаева, М.Қ. Кипиев. Атырау: «Ағатай баспасы». 224 б.
Тәжекеев Ә.Ә., Султанжанов Ж.К., Қарабатырова А.М. 2022. Ортағасырлық Сығанақ пен Асанас қалалары арасындағы керуен жолдары мен ірі қоныстар (жаңа зерттеулер). Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы. № 1 (104). Б. 171-183.
Талеев Д. 2019. Ұлы Жібек жолының Испиджаб пен Шаш аралығындағы бағыты. Ұлы Жібек жолы – бейбітшілік, келісім және тұрақтылық жолы атты І-ші Халықаралық конференциясының материалдары. Түркістан. Тұран баспасы. 334 б.
Талеев Д. 2025. Ответвления Великого Шёлкового пути на территории Жетысу в X–XIII веках: геоэкономические и культурные аспекты транзитных маршрутов. Мәдени мұра. № 3 (110). С. 6-18. DOI: https://doi.org/10.47500/2025.v23.i3.01
Уәлиханов Ш. Ш. 1985. Түркістан өлкесіне саяхат: Таңдамалы шығармалары. Алматы. Жазушы. 432 б.
Шалекенов У.Х. 1978. Қазіргі Ақтөбе, бұрынғы Баласағұн. Вопросы истории социалистического и коммунистического строительства в Казахстане: сб. ст. Алма-Ата. 180-191 с.
Christian D. A. 1998. History of Russia, Central Asia and Mongolia. Vol. 1: Inner Eurasia from Prehistory to the Mongol Empire. Oxford: Blackwell. 498 p.
Frankopan P. 2015. The Silk Roads: A New History of the World. London: Bloomsbury Publishing. 656 p.
Kato K. 1998. The Silk Road and Central Asia. Tokyo: Iwanami Shoten. 240 p.
Sima Q. 1993. Records of the Grand Historian: Han Dynasty II. Sima Qian; trans. by Burton Watson. New York: Columbia University Press. 505 p.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Turan Archaeology

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.