ХАЛЫҚ ЭТНОГРАФИЯСЫНДА ТҰРАҚТЫ БАСПАНАЛАР ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
30 13
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47526/3136-9650.325Кілт сөздер:
баспана, тұрғын үй, кепе, жеркөпе, жертөле, тошала, шошала, қақыра, қоржын үй, өлшекті, тоқалтам, тіркеспе, шарбақ үй, дүкен, қыстық.Аңдатпа
Материалдық мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналған баспана көне дәуірлерден бері адамдардың іс-әрекетінің жемісі ретінде қоршаған ортамен өзара тығыз байланыста қарастырылып келе жатқан негізгі ұғымдардың бірі. Мұнда тұтас халықтың табиғат жағдайы мен географиялық бітімге ыңғайланып қалыптасқан тұрмыс-салтын анықтайды. Адамзат баласы табиғи ортаға бейімделу барысында жер бедерінің ыңғайына қарай баспана мен тұрғын жайларды сала бастады. Халқымыздың өмір сүру деңгейінде де баспананың өзіндік маңызды рөлі болды.
Бүгінгі зерттеу мақаламызда халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде өзіндік орны бар тұрақты баспаналарға ғылыми зерттеу тұрғысында сипаттама беретін боламыз. Зерттеу барсында халық санасын өше бастаған халық этнографиясының бір бөлшегі саналатын тұрақты баспаналарды халық жадына сіңіру, сол арқылы өскелең ұрпақ бойына баға жетпес төл тарихымызда орын алатын бай мұраларымызды қайта жаңғырту.
Этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің зерттеу еңбектерінде халқымыздың тұрмыс тіршілігінде баспананы екі түрге бөліп қарастырады. Біріншісі - жылжымалы баспана көшіп қонуға ыңғайлы жиналып құрастырылады. Ол көшпелі халықтың тұрмыс тіршілігімен біте қайнасқан. Оған қос, күрке, шошала, абылайша, турылық үй, ақ үй, отау, киіз үйді жатқызады. Екіншісі - тұрақты баспана отырықшылдыққа негізделген. Оған кепе, жеркөпе, жертөле, тошала, қақыра, қоржын үй, өлшекті, тоқал там, тіркеспе, шарбақ үй, дүкен, қыстықты үйлерді жатқызады.
Әдебиеттер тізімі
Маргулан А.Х. Из истории городов и стройтелбного искусства древного// Казахстана. Алма-Ата.1950. С.10
Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ// Алматы. 1977. 22 б.
Қазақ Совет энциклопедиясы// Алматы.1974. 385 б.
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлi жүйесi// Энциклопедия. Алматы. 2012. 736 б.
Акышев К., Байпаков К., Ерзакович Л. Отрар ХVІ-ХVІІІ веков по итогам раскопок 1971-1973 годов// Древности Казахстана. Алматы. 1975. С.35
Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани Хунжи. Мехманнаме-йи Бұхара// Тегеран. 1976. 85 б.
Тұяқбаев М., Өсеров, Ұ.Күмісбаева, Қ.Мұсабаев Түркістан археологиялық отрядының Хан ордасы территориясында 2008-2010 жж. аралығында жүргізген қазба жұмыстарының есептері// Түркістан. 2010.9-10б.
Меңдіқұлов М. Қазақстан архитектурасының ХІХ ғасырдағы және ХХ ғасырдың бас кезіндегі сипаты жөнінде. Қазақстан архитектурасы. Алматы.1959.155 б.
Руденко С. Очерк быта казаков бассейна рек Уила и Сагыза// Антропологические очерки. Ленинград.1927.С. 9-10
Жәнібеков Өзбекәлі Жолайрықта// Алматы. «Рауан». 1995. 49 б.
Малиновская Е.Г. Штаб гарнизонный, ХІХ в. // свод памятников истории и культуры Казахстана. Южно-Казахстанская область. А., 1994. – С.282-283.
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Turan Archaeology

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.