Kapsayıcı bir ortamda Kazakça'nın etnokültürel içeriğiyle Öğrenmenin dil temelleri

Yazarlar

  • G.B. SHADEN Al-Farabi Kazakh National University
  • R. KARIMBAYEVA K․ Sagadiyev International Business University
  • A.S. DAULETOVA Khoja Akhmet Yassawi International Kazakh-Turkish University

DOI:

https://doi.org/10.47526/3107-3085.267

Anahtar Kelimeler:

Kazakça, kapsayıcı ortam, etno-kültürel içerik, faydalı bilgi, öğrenci, sınıf, etnik dünya görüşü

Özet

Мақалада инклюзивті ортада қазақ тілін этномәдени мазмұн арқылы оқытудың тілтанымдық негіздері талданады. Зерттеудің өзектілігі әртүрлі қабылдау ерекшеліктері бар білім алушыларға тілдік норманы, сөз мағынасының қабаттылығын және ұлттық мәдени кодты бірлікте меңгертетін мазмұндық тетіктерді нақтылау қажеттігімен айқындалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты - халықтық білімдерге сүйенген этномәдени тақырыптар негізінде оқытудың тілтанымдық моделін негіздеу. Осы мақсатқа сай этномәдени бірліктер мағыналық өріс ретінде жүйеленіп, атаудың уәжі мен мәдени семантикасы, мәтін тұтастығы мен прагматикалық реңкі оқу әрекетіне айналдырылады, сондай-ақ инклюзивті сыныпқа лайық қатысымдық мақсаттар айқындалады.

Зерттеу жұмысы теориялық тұрғыдан этнолингвистика, лингвомәдениеттану, мәтінтану мен лингвопрагматика қағидаттарына сүйенеді. Сонымен бірге А.Байтұрсынұлы ұсынған пайдалы білімді әрекет арқылы меңгерту ұстанымына назар аударылды. Талдау барысында сипаттамалаы, лексика-семантикалық, контекстік және салыстырмалы әдістер қолданылып, оқу мазмұны модельденді.

Эмипирикалық дереккөз ретінде жылқыға байланысты атаулар мен салт-дәстүрлер, антропонимдер, қымыз түрлері әрі оның технологиялық атаулары, қамшыға қатысты тұрақты тіркестер, киелі сандарға қатысты мақал-мәтелдер пайдаланылды. Осы материал негізінде лексикалық, мәтіндік, прагматикалық және мәдени-тілдік құзыреттерді бір мезгілде дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесі құрастырылды. Сонымен бірге орфоэпиялық, орфографиялық норманы сақтаудың мағына мен мәдени реңкті дұрыс жеткізудегі мәні нақты мәтіндер арқылы көрсетілді.

Жұмыстың ғылыми маңыздылығы этномәдени мазмұнды инклюзивті оқыту контексінде тілтанымдық тұрғыдан негіздеп, «мағына-уәж-қатысым» байланысын модель түрінде ұсынуымен айқындалса, практикалық құндылығы инклюзивті сыныпқа бейімделген тапсырмалар үлгісін, тірек сөз бен шағын мәтінге негізделген жұмыс тәсілдерін және мәдени-тақырыптық оқу материалының құрылымын ұсынуымен көрінеді.

Қорытындыларды инклюзивті сыныптағы қазақ тілі сабақтарында, оқу-әдістемелік құрал әзірлеуде, мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламаларында және мәдени-тақырыптық мәтіндер корпусын құрастыруда қолдануға болады.

Referanslar

1. Қайдар Ә. Қазақтар ана тілі әлемінде: (этнолингвистикалық сөздік). 3-т. Табиғат. – Алматы: Сардар, 2013. – 608 б.

2. Уәли Н. Сөз мәдениетінің теориялық негіздері. 2-басылым. – Алматы: Асыл, 2025. – 424 б.

3. Almeqdad Q. (2023). The effectiveness of universal design for learning: A systematic review of the literature and meta-analysis // Cogent Education. – 2023. №1 (47). - P. 221-8191. https://doi.org/10.1080/2331186X.2023.2218191

4. Guillemot F., Lacroix F. Teachers' attitude towards inclusive education from 2000 to 2020: An extended meta-analysis // International Journal of Educational Research Open. – 2022. №3. - P. 100-175. https://doi.org/10.1016/j.ijedro.2022.100175

5. Lacruz Pérez I., Sanz Cervera P. Teachers’ attitudes toward educational inclusion in Spain: A systematic review // Education Sciences. – 2021. - №2 (11) - P. 58-68. https://doi.org/10.3390/educsci11020058

6. Волосникова Л., Игнатжева С. Учитель в инклюзивном классе: взаимосвязь отношения к инклюзии с удовлетворенностью работой // Вопросы образования / Educational Studies Moscow. – 2022. - №2. - С. 60-87. https://doi.org/10.17323/1814-9545-2022-2-60-87

7. Большаков Н., Долгова Е. Инклюзивное образование в пространстве постсоциализма: сравнительный анализ родительской удовлетворенности // Вопросы образования / Educational Studies Moscow. – 2022. - №1. - С. 54-74. https://doi.org/10.17323/1814-9545-2022-1-54-74

8. Алехина С., Быстрова Ю. Использование в конкурсных процедурах критериев оценки инклюзивных практик на основе доказательного подхода // Психологическая наука и образование. -2023. - №3 (28). - С. 33-46. https://doi.org/10.17759/pse.2023280303

9. Дәулетбекова Ж. А. Байтұрсынұлының «тірі білім» теориясы мен әл-Фараби және Абай ілімдерінің сабақтастығы: қазақ тілін оқыту әдістемесі // ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы. – 2024. - №2 (79). – Б. 180-190. https://doi.org/10.26577/JES20247902015

10. Ерназарова З. Қазақ тілін оқытудың аксиологиялық бағыты // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2018. - №2 (170). – Б. 201-209. https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/2235

11. Ғабитханұлы Қ. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымының тілдегі көрінісі. Монография. – Алматы: ЖК «Жаксылыков», 2025. – 240 б.

12. Уәли Н. Тілтанымдық зерттеулер. Бірінші кітап. - Алматы: Асыл ЖК, 2025. - 424 б.

Yayınlanmış

2026-09-30

Nasıl Atıf Yapılır

SHADEN , G., KARIMBAYEVA , R., & DAULETOVA , A. (2026). Kapsayıcı bir ortamda Kazakça’nın etnokültürel içeriğiyle Öğrenmenin dil temelleri. Yassawi Journal of Philology, 3(3), 102–116. https://doi.org/10.47526/3107-3085.267