Отбасылық мерекенің этикасы: әлеуметтік әділдік контекстінде тынығуды қайта қарастыру

Авторлар

  • Г.Ж. НАЗАНОВА М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті
  • A.M. КАДЫРАЛИЕВА М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті
  • М.Д. ИЛЬЯСОВ М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47526/3107-3123.26

Кілт сөздер:

қазақ отбасылық мерекелері, жаһандану, трансформация, мәдени-тынығу, педагогика, мәдени гибридтілік.

Аңдатпа

Бұл зерттеу қазіргі мәдени өзгерістер жағдайында қазақ отбасылық мерекелердің трансформациясы педагогикалық және этнопедагогикалық тұрғыдан зерттеледі. Отбасылық мерекелер ұрпақтан-ұрпаққа құндылықтар мен тәрбиелік тәжірибені жеткізудің маңызды арнасы ретінде дәлелденеді. Зерттеу барысында дәстүрлі қазақ отбасылық мерекелердің этнопедагогикалық маңызды және олардың рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы рөлі анықталады. Мақалада батыс мәдениетінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілер мен мәдениеттің қазақ отбасылық мерекелеріне ықпалы талданып, қазіргі мерекелік тәжірибеде қолданып жүрген форматтар, сценарийлер мен рәсімдер анықталады. Отбасылық мерекелердің коммерциялануы мен стандартталуы олардың тәрбиелік мазмұнының әлсіреуіне ықпал ететін факторлар ретінде қарастырылады. Мақалада отбасылық мерекелердегі мәдени гибридтену үрдісіне ерекше назар аударылып, оның педагогикалық тұрғыдан оң және теріс ықпалдары айқындалады. Этнопедагогикалық мәндердің трансформациялану және жойылу қаупі көрсетіліп, ұлттық бірегейлікті сақтауда отбасының рөлі негізделеді. Зерттеу нәтижелері қазіргі отбасылық мерекелерді саналы педагогикалық кеңістік ретінде қарастыру қажеттігін дәлелдейді.

Әдебиеттер тізімі

Nurjanov B.G. Qazirgi mädeni protsester: filosofialyqtaldau.[Contemporary cultural processes: a philosophical analysis] – Almaty: Däuir, 2012. – 312 b.[in Kazakh]

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар