Журнал туралы

«Yassawi Journal of Education Studies» - бұл білім беру және педагогика саласындағы түпнұсқа және сапалы ғылыми зерттеулерді жариялайтын рецензияланатын ғылыми журнал.

Бұл журнал - «Ясауи университетінің хабаршысы» журналының заңды мұрагері болып табылады (ISSN p-2306-7365; e-ISSN 2664-0686).

Журнал «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылғы 12 желтоқсанда тіркеліп, «Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою туралы» №KZ94VPY00136950 куәлігі берілген.

Журнал 2026 жылдың қаңтар айында Париж қаласындағы ISSN орталығында тіркелген. Print ISSN 3107-3077. Online ISSN 3107-3085.

Журналдың мерзімділігі: жылына 4 рет (тоқсан сайын) шығарылады. Таралымы 200 дана.

Журнал «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО) Қазақстандық дәйексөз алу базасында индекстеледі.

Журнал мақалалары CrossRef ДБ тіркеледі, әр мақалаға DOI - объектінің цифрлық сәйкестендіргіші беріледі, ол электрондық құжаттарға сілтеме жасауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Сонымен қатар ғылыми басылым ROOTINDEXING және Directory of Research Journal Indexing Халықаралық ақпараттық ресурстарында индекстеледі.

Журналдың редакциялық алқа құрамында қазақстандық және шетелдік ғалымдар бар.

Журналға ғылыми мақалалар Қазақстан, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ басқа да шетелдердегі барлық ұйымдардан төрт тілде (қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерінде) қабылданады. Мақала журнал сайтында толық мәтінде 4 тілде орналастырылады.

Журналдың басты мақсаты - заманауи білім беру және педагогика ғылымының жаңа жетістіктерін жариялау арқылы кең ауқымды мәселелерді ғылыми кәсіби талқылау үшін ашық алаң болу.

Журналдың міндеттері: білім беру және педагогика ғылымының өзекті мәселелері бойынша зерттеу нәтижелерін, ғылыми және қолданбалы қызмет нәтижелерін жариялау, алдыңғы қатарлы гуманитарлық технологиялардың және ғылым мен білім беру қызметінің жетістіктерін талдау, ғылыми ортада отандық және әлемдік зерттеулердің нәтижелерін тарату, соңғы жаңалықтардың қолжетімділігін және ашықтығын қамтамасыз ету; мақала тақырыбының зерттеу жұмысы мен оның мазмұнына толығымен сәйкес келуін қадағалау, журналды «ашық қолжетімді» ғылыми басылым ретінде дамыту, журналдың халықаралық деректер базаларында және ашық электронды ресурстарда болуын кеңейту.

Журналдың тақырыптық бағыты - журнал материалдары білім беру және педагогика саласындағы түрлі тақырыптық бағыттарды қамтиды. Атап айтсақ, мамандарды даярлаудың психологиялық-педагогикалық мәселелері, жоғары оқу орындарының инновациялық дамуы, инклюзивті білім беру, тәрбие әдістемесі, пәндерді оқытудың әдістемесі, электронды оқыту мен қашықтықтан оқыту және т.б.

Журналды шығару мерзімділігі

Журнал белгіленген мерзімде желілік (электрондық) және қағаз нұсқада жылына 4 рет (3 айда бір рет) шығарылады, атап айтқанда: бірінші нөмір ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін, екінші нөмір - ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін, үшінші нөмір - ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін және төртінші нөмір - ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейін шығарылады.

Журналға мақала жариялау ақылы.

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің авторлары үшін (оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, магистранттар, докторанттар) - 10 000 теңге.
  • Шетелдік авторлар үшін (жеке авторлықта) - төлем алынбайды.
  • Басқа мекемелердің авторлары үшін - 25 000 теңге.

Төлемақы «Халық банк» АҚ арқылы жүзеге асады. Төлемақы туралы түбіртек журнал редакциясының электронды мекен-жайына жіберілуі тиіс.

Университет реквизиттері:

  • «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» Мекемесі
  • БИН: 990440008043, КБЕ 16
  • КНП 859
  • «Халық банк» АҚ
  • БИК: HSBKKZKX
  • ИИК: KZ436010291000010707