КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ МОДАЛДІЛІКТІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Авторлар

  • Т. РАМАЗАНОВ А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
  • Б.Ә. ТӨРЕХАН А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47526/3107-3085.49

Кілт сөздер:

көркем мәтін, модалділік, сипаттау, баяндау, пайымдау, модус.

Аңдатпа

Мақалада көркем мәтіндегі модалділіктің функционалды-семантикалық сипаты үш мәтіндік модус – сипаттау, баяндау және пайымдау тұрғысынан талданады. Мұнда модалділік авторлық ұстанымды білдірудің, оқырман қабылдауын бағыттаудың және мазмұнның құндылықтық өлшемін айқындаудың тетігі ретінде қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты – модалдік мағынаның мәтін деңгейінде қалай ұйымдасатынын көрсету. Осы мақсатта сипаттау, баяндау және пайымдау модустарының тілдік тетіктері нақтыланып, сенім мен күмәнді білдіретін эпистемикалық реңк, міндет пен қажеттілікке қатысты деонтикалық қыр және бағалау мен норманы танытатын аксиологиялық қабаттардың өзара байланысы ашылды. Сонымен бірге автор дауысы, баяндаушы позициясы мен фокализацияның модалдік реңк түзуге қосатын үлесі айқындалды.

Эмпирикалық база ретінде М. Әуезов, Ә. Нұрпейісов, Ә. Кекілбаев және М. Мағауин прозасынан іріктелген нақты үзінділер алынды; сол үзінділерде модаль сөздер мен рай формалары, бағалауыш лексика, қыстырма-қаратпа құрылымдар, еркін жанама сөйлеу және пунктуациялық тәсілдер лингвистикалық тұрғыдан сипатталып, олардың авторлық ұстаныммен байланысы айқындалды.

Әдіснамалық негіз ретінде функционалды-семантикалық талдау наратологиялық-прагматикалық тәсілмен ұштастырылды. Функционалды-семантикалық талдау модалдік мағынаны жеке форма ретінде емес, өзара әрекеттесетін тілдік құралдардың жүйесі ретінде қарастырады; модаль сөздер мен бөлшектер, рай-шақ тұлғалары, бағалауыш лексика, қыстырма құрылымдар және интонация бір өрісте тоғысып, эпистемикалық сенім мен күмәнді, деонтикалық міндет пен қажеттілікті, аксиологиялық бағалау мен норманы ұйымдастырады. Наратологиялық-прагматикалық тәсіл бұл өріске мәтіннің «кімнің көзінен, қай тұрғыдан, қандай ниетпен» берілетінін қосады.

Зерттеу нәтижесінде сипаттау модусында модалдік реңк оқырманның қабылдауын астарлы түрде бағыттайтыны, баяндауда оқиға желісі қажетті әрекетті оқиға логикасының табиғи нәтижесіне айналдыратыны, пайымдауда дәлел мен қорытынды арқылы қағидалық тұжырым айқын негізделетіні көрсетілді.

Ғылыми маңыздылығы – модалділікті жеке форма ретінде емес, мәтін ішінде бірізді амалдар жүйесімен жұмыс істейтін тұтас өріс деп дәйектеу: алдымен қабылдауды бағыттау, кейін оқиғалық дамуды құрылымдау, соңында уәжге негізделген тұжырымды орнықтыру.

Практикалық құндылығы – әдеби талдау, стилистика, мәтінді түсіндіру және жазу дағдыларын оқытуда қолдануға қолайлы сипаттамалық үлгі мен нақты тілдік көрсеткіштер жинағын ұсынуы.

Әдебиеттер тізімі

1. Palmer F. Mood and Modality. – 2nd ed. – Cambridge: Cambridge University Press, 2001. – 236 p.

2. Nuyts J. Epistemic Modality, Language and Conceptualization: A Cognitive-Pragmatic Perspective. – Amsterdam/Philadelphia: John Benjamins, 2001. – 448 p.

3. Narrog H. Modality, Subjectivity, and Semantic Change. – Oxford: Oxford University Press, 2012. – 333 p.

4. Төрехан Б., Рамазанов Т., Садық А. Модалділік категориясының лингвомәдени аспектісі // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2025. – №4 (200). – Б. 156-165. https://doi.org/10.26577/EJPh2025200413

5. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. ‒ Москва: Наука, 1981. ‒ 144 с.

6. Iskakova G.Zh., Shalabay B. The author's modality in a literary text as a manifestation of the moral values of the author // Tiltanym. – 2023. – №1 (89). – P. 155-168. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-155-168

7. Құлманов С. Қазақ тіліндегі модалділік категориясының функционалды-семантикалық өрістері. – Алматы: Qazaq kitaby, 2024. – 372 б.

8. Бондарко А. Теория функциональной грамматики: Темпоральность. Модальность. – Ленинград: Наука, 1990. – 262 с.

9. Вольф Е. Функциональная семантика оценки. – Москва: Наука, 1985. – 228 с.

10. Байтұрсынұлы А. Он екі томдық шығармалар жинағы. 4-том. Тіл-құрал. – Астана: «Алашорда» ҚҚ, 2022. – 384 б.

11. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. – 784 б.

12. Сыздық Р. Абай шығармаларының тілі. Көптомдық шығармалар жинағы. Т.1. – Алматы: Ел-шежіре, 2014. – 384 б.

13. Уәли Н. Сөз мәдениетінің теориялық негіздері. – 2-басылым. – Алматы: Асыл, 2025. – 424 б.

REFERENCES

1. Palmer F. Mood and Modality. – 2nd ed. – Cambridge: Cambridge University Press, 2001. – 236 p.

2. Nuyts J. Epistemic Modality, Language and Conceptualization: A Cognitive-Pragmatic Perspective. – Amsterdam/Philadelphia: John Benjamins, 2001. – 448 p.

3. Narrog H. Modality, Subjectivity, and Semantic Change. – Oxford: Oxford University Press, 2012. – 333 p.

4. Torehan B., Ramazanov T., Sadyq A. Modaldilik kategorıasynyn lingvomadeni aspektisi [The linguocultural aspect of the category of modality] // QazUU Habarshysy. Filologia seriasy. – 2025. – №4 (200). – B. 156-165. [in Kazakh]

5. Galperın I.R. Tekst kak obiekt lingvisticheskogo issledovania [Text as an Object of Linguistic Research]. ‒ Moskva: Nauka, 1981. ‒ 144 s. [in Russian]

6. Iskakova G.Zh., Shalabay B. The author's modality in a literary text as a manifestation of the moral values of the author // Tiltanym. – 2023. – №1 (89). – P. 155-168. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-1-155-168

7. Qulmanov S. Qazaq tilindegi modaldilik kategoriasynyn funkcionaldy-semantikalyq oristeri [Functional and semantic fields of the category of modality in the Kazakh language]. – Almaty: Qazaq kitaby, 2024. – 372 b. [in Kazakh]

8. Bondarko A. Teoria funkcionalnoi grammatiki: Temporalnost. Modalnost [Theory of functional grammar: Temporality. Modality]. – Lenıngrad: Nauka, 1990. – 262 s. [in Russian]

9. Volf E. Funkcionalnaia semantika ocenki [Functional semantics of evaluation]. – Moskva: Nauka, 1985. – 228 s. [in Russian]

10. Baitursynuly A. On eki tomdyq shygarmalar jinagy. 4-tom. Til-qural. [Language is a tool. Twelve volumes]. – Astana: «Alashorda» QQ, 2022. – 384 b. [in Kazakh]

11. Qazaq grammatikasy. Fonetika, sozjasam, morfologia, sintaksis [Kazakh grammar. Phonetics, word formation, morphology, syntax]. – Astana, 2002. – 784 b. [in Kazakh]

12. Syzdyq R. Abai shygarmalarynyn tili. Koptomdyq shygarmalar jinagy. T.1 [The Language of Abai’s Works. Collected Works (Multi-volume Edition). Vol.1]. – Almaty: El-shejire, 2014. – 384 b. [in Kazakh]

13. Uali N. Soz madenietinin teorialyq negizderi. – 2-basylym [Theoretical Foundations of Speech Culture. 2nd ed.]. – Almaty: Asyl, 2025. – 424 b. [in Kazakh]

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Лингвистика