ЖИ пайдалану саясаты

Журнал редакциясы ғылыми мақалаларда жасанды интеллект (бұдан әрі - ЖИ) құралдарын қолдануға қатысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығының 1-қосымшасының 5-тармағында көрсетілген принциптерді (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы №4 бұйрығының редакциясы бойынша) басшылыққа алады.

Авторлар ЖИ көмегімен жасалған кез келген мазмұн үшін толық жауапты болады. Ғылыми мақалада зерттеу нәтижесінде алынған деректерді статистикалық өңдеу үшін ЖИ-ні қолдануға рұқсат етіледі. ЖИ-ні қолданған жағдайда ғылыми зерттеу этикасын сақтай отырып, ЖИ дереккөзін міндетті түрде көрсету керек. Және ол туралы «Зерттеу әдістері мен материалдар» бөлімінде ашық түрде қай құралды қандай мақсатта, зерттеудің қай кезеңінде қолданғаны көрсетілуі керек. Мақалада ЖИ технологияларын қолданғанда оның ғылыми нәтижелерін, ұсынымдары мен қорытындыларын автор немесе авторлар ұжымы өз бетінше тұжырымдауы қажет. Мақаланың негізгі мәтінін жазуда және жалған мәліметтер келтіру, плагиатты айналып өту үшін жасанды интеллектіні қолдануға болмайды.

Рецензенттер қолжазбаларды сараптауда генеративті ЖИ құралдарын пайдаланбауы қажет.