Жариялау этикасы

«Yassawi Journal of Education Studies» журналының редакциясы (бұдан әрі - журнал) өз қызметінде кәсібилік, объективтілік, ғылымилық, бейтараптылық принциптерін басшылыққа алады. Олар ғылыми басылымды дайындауға және ғылыми-зерттеу нәтижелерін таратуға қатысты этикалық міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алады.

Редакцияның авторлармен өзара байланысы ашықтық, адалдық, сыпайылық, әділдік және объективтілік қағидаттарына негізделеді.

Қолжазбалар жарияланымға дайындау процедурасынан өткізіледі. Бұл ретте авторлық құқық Қазақстан Республикасының заңдылықтары мен нормативтеріне сәйкес сақталады.

Журналға қабылданған ғылыми мақалалар бағыты бойынша сарапшы ғалымдар тарапынан міндетті түрде қосарланған «жасырын» рецензиялаудан өтеді. Егер мақалаға бір оң және бір теріс пікір келсе, үшінші рецензентке жіберіледі. Үшінші рецензенттен де теріс пікір келген жағдайда, мақала қайтарылады, яғни жарияланбайды, оң пікір келген жағдайда, редакция алқасына жариялау мүмкіндігі бойынша ұсынылады. Мақалалар бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда түпкілікті шешімді журналдың ғылыми редакторы қабылдайды. Орташа есеппен жариялау туралы шешім 2 айдан 8 айға дейінгі аралықта қабылданады.

Редакцияның мақала авторларымен және рецензенттермен байланысы OJS электрондық платформасы арқылы онлайн режимде және қажет болған жағдайда электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Ғылыми басылым ҚР ҒЖБМ-нің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне» енгізу үшін қойылатын талаптарға (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1600013409) сәйкес шығарылады. Сондай-ақ, халықаралық тәжірибенің ерекшеліктері мен талаптарын ескере отырып, Жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің (Committeeon Publication Ethics: COPE, promoting integrity in scholarly research and its publication / COPE: Committee on Publication Ethics (https://publicationethics.org)) журнал редакторларына арналған ғылыми жарияланымдар этикасы қағидаттары жөніндегі нұсқаулығына сәйкес жариялау этикасы әзірленді.

Жариялау процесінің барлық қатысушылары міндетті түрде осы жариялау этикасының қағидалары мен нормаларын ұстануға міндетті. Этикалық қағидаларды сақтау ғылыми журналдың сапасын қамтамасыз ету және сақтау үшін де, жариялау процесіне қатысушылар арасында сенімділікпен және құрметпен қарау үшін де маңызды.

Ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялау кезінде жалған авторлық зерттеу нәтижелерін бұрмалау және фабрикациялау, авторлардың рұқсатынсыз басқа басылымдарға мақалалардың қолжазбаларын беру іс-әрекеттері әдепке жат және жариялау этикасын бұрмалау болып саналады.

Баспа процесіне қатысушылардың міндеттері

Редакциялық алқа мүшелерінің міндеттері

«Yassawi Journal of Education Studies» журналының редакциялық алқа мүшелері журналды жетілдіру, дамыту, халықаралық мәліметтер базасына енгізу, ғылыми мақалалар сапасын арттыру мақсатындағы қызметтерді атқарады.

Редакторлардың міндеттері мен құқықтары

Редакторлар ғылыми мақаланың жариялану мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы нақты шешімді этикалық нормалар мен авторлық құқыққа қатысты заң шеңберінде ғана шығаруға міндетті. Бұл ретте олар журнал саясатын басшылыққа алуға құқылы.

Редакторлар, әсіресе, мәтіннің, ондағы мәліметтердің плагиаттығына ерекше мән беруге міндетті. Мақала бұрын жарық көрсе немесе оның плагиаттығы анықталса, ол материалды жарияламауға құқылы. Редакторлар автордың саяси және діни көзқарастары, дербес мәліметтері туралы ақпараттарға тәуелсіз түрде қолданыстағы заң нормаларын ескере отырып, қолжазбалардың ғылыми мазмұнын бағалауға құқылы.

Рецензиялаушының міндеттері мен құқықтары

Рецензент этика ережелерін сақтай отырып, авторлық материалдарға ғылыми сараптама жүргізеді. Егер рецензенттің біліктігі қолжазбаны бағалау үшін жеткілікті болмаса және/немесе ұйымдастыру немесе қарау мерзімі ұзаққа созылса, ол бұл туралы редакцияға хабарлауға және көрсетілген қолжазбаны рецензиялау процесінен бас тартуға міндетті. Рецензиялау үшін алынған қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылуы керек, оны редакцияға қарау немесе талқылау үшін өкілеттік берілмеген үшінші тұлғаға беруге болмайды. Рецензенттің басқа біреу жазған рецензияға қол қоюға құқығы жоқ.

Рецензенттің міндеттері:

  • өздеріне ұсынылған қолжазба авторлардың интеллектуалдық меншігі екенін және оны жұртшылыққа жариялауға жатпайтын мәлімет екенін білуге;
  • бағалап отырған қолжазбаның қандай да болсын өзге жұмыспен елеулі немесе ішінара ұқсастығына, сонымен бірге ереже бойынша сілтемелердің болмау жағдайына, осы не өзге авторлардың бұдан бұрын жарияланған өзге жұмыстарындағы дәлелдер мен тұжырымдарға журнал редакциясының назарын аударуға;
  • аталған мақалада дәйексөз ретінде келтірілмеген ұқсас жарияланған жұмыстарды атап көрсетуге;
  • зерттеудің баяндалған нәтижесін бағалап және айқын ұсынымға негізделген әділ әрі түбегейлі болғаны жөн.

Автордың жеке басына, оның ғылыми деңгейіне, ғылыми дүниетанымына, арнайы дайындық деңгейіне қатысты және т.б. сыни пікір айтуға құқы жоқ. Рецензиялаушы ұсынылған жұмыстың мазмұны туралы мәліметті жарыққа шыққанға дейін өз мүддесіне пайдалануға құқы жоқ.

Автордың жариялау этикасының принциптері, міндеттері

Жарияланымның бір мәртелігі. Редакцияға ұсынылған мақала қолжазбасының басқа басылымдарға қарауға ұсынылмауына Автор(лар) жауапты болып табылады. Қолжазбаны бір мезгілде бірнеше журналдарда/басылымдарда ұсынуға жол берілмейді және ол жарияланым этикасының қағидаттарын, стандарттары мен нормаларын өрескел бұзу болып табылады.

Бір автордың мақаласы (жеке немесе бірлескен авторлықта дайындалған) журналда күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық емес жариялануы мүмкін және қатарынан екі санында жарияланбайды.

Қолжазбаның авторлығы. Бірінші автор - екі немесе үш автордың бірлескен авторлығында жарияланған мақалаға ең үлкен зияткерлік және практикалық үлес қосқан адам, авторлар тізімінде бірінші болып көрсетіледі.

Корреспондент-автор - ғылыми жұмыс үшін жауап беретін және эксперименттік жұмыста деректердің дұрыстығына және этикалық бұзушылықтардың болмауына кепілдік беретін автор. Корреспондент-автор аты-жөніне конверт белгісін қою арқылы ерекшеленеді. Оның міндетіне мақаланы журналға ұсыну және ғылыми журналдың редакциясымен байланыс жасау кіреді. Бірінші және корреспондент-автордан басқа қосымша автор осы материалға қосқан үлесіне қарай кезегімен жазылады. Жарияланатын қолжазба/мақалада көрсетілген барлық авторлар жұмыстың мазмұнына жауапты.

Мақала қарау сатысында авторлар құрамы өзгеретін болса, корреспондент-автор негіздемесі мен авторлар туралы толық мәліметті жеке кабинетінен Пікірталастар (Обсуждение рецензирования/Review Discussions) бөліміне жазуы керек.

Түпнұсқалық принципі. Мақала авторлары, ең алдымен, жарияланған мәліметтер үшін үлкен жауапкершілікті ескере отырып, ғылыми-зерттеу нәтижелерінің сенімділігі мен анықтығына назар аударуы керек. Авторлар ұсынылған қолжазбада көрсетілген зерттеу нәтижелері толығымен түпнұсқа екендігіне кепілдік беруі керек. Ондағы қолданылған үзінділер мен пайымдаулар автордың міндетті сілтемесі және түпдереккөз ретінде берілуі қажет. Шектен тыс мәтін қолдану, сонымен бірге рәсімделмеген дереккөздерді бұрмалап беру немесе басқа біреудің зерттеу нәтижелерін иемдену секілді кез келген формадағы плагиаттық - әдепсіздік болып табылады және ол қабылданбайды. Сілтемесіз берілген мәліметтер редакциялық алқа тарапынан плагиат ретінде қаралады.

Автордың міндеттері:

  • қолжазбада тек нақты деректер мен мәліметтерді қолдануға;
  • өзге зерттеушілердің эксперименттерін қайталауы және тексеруі үшін жеткілікті түрде ақпарат келтіруге;
  • ашық хат түріндегі рұқсатсыз берілген және жеке түрде алынған ақпаратты қолданбауға;
  • мәліметтердің бұрмалануы және жалған болуына жол бермеуге міндетті.

Материалдың қайта жариялануына (автор өзі жолдаған хатында жұмыстың алғаш жарияланып отырғанын көрсетуге міндетті) жол бермеуі керек.

Егер қолжазбаның жекелеген бөліктері бұрын-соңды жарияланған болса, автор ертеректе жазылған жұмысына сілтеме жасауы және жаңа жұмыстың бұрын жазылған жұмыстан ерекшеліктерін көрсетуге міндетті. Сонымен бірге, авторлар басқа бір басылымға жолданған және қаралу үстіндегі қолжазбаларын, өзге журналда жарияланып кеткен мақалаларын ұсынбауы тиіс.

Үшінші тұлға жұмыстың нәтижелерін сынға алған жағдайда, авторлар этикалық нормаларды міндетті түрде сақтауы керек. Айқын көрінетін экспрессияға және басқа да конструктивтік емес, әдепке жат тұжырымдарға жол бермеуі тиіс. Егер қандай да бір зерттеуші тұжырымының заңсыздығы дәлелденсе, қолданыстағы теорияларды жоққа шығарса және т.б. сенімді дәлелдер келтірілуі керек, ал ғылыми оппонентке қарсы құрметсіздік пен агрессияның кез-келген түріне жол берілмейді.

Жарияланым этикасы бұзылған жағдайда, егер мақала жарияланғанға дейінгі қарау кезеңінде болса, қабылдамауға, ал жарияланғаннан кейін анықталса, кері қайтару (ретракция) үшін негіз болады.

Жасанды интеллект құралдарын қолдану шарттары

Журнал редакциясы ғылыми мақалаларда жасанды интеллект (бұдан әрі - ЖИ) құралдарын қолдануға қатысты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 бұйрығының 1-қосымшасының 5-тармағында көрсетілген принциптерді (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 6 қаңтардағы №4 бұйрығының редакциясы бойынша) басшылыққа алады.

Авторлар ЖИ көмегімен жасалған кез келген мазмұн үшін толық жауапты болады. Ғылыми мақалада зерттеу нәтижесінде алынған деректерді статистикалық өңдеу үшін ЖИ-ні қолдануға рұқсат етіледі. ЖИ-ні қолданған жағдайда ғылыми зерттеу этикасын сақтай отырып, ЖИ дереккөзін міндетті түрде көрсету керек. Және ол туралы «Зерттеу әдістері мен материалдар» бөлімінде ашық түрде қай құралды қандай мақсатта, зерттеудің қай кезеңінде қолданғаны көрсетілуі керек. Мақалада ЖИ технологияларын қолданғанда оның ғылыми нәтижелерін, ұсынымдары мен қорытындыларын автор немесе авторлар ұжымы өз бетінше тұжырымдауы қажет. Мақаланың негізгі мәтінін жазуда және жалған мәліметтер келтіру, плагиатты айналып өту үшін жасанды интеллектіні қолдануға болмайды.

Рецензенттер қолжазбаларды сараптауда генеративті ЖИ құралдарын пайдаланбауы қажет.

Мәтіндерді көшіру және плагиат

Плагиат үшін ғылыми мақалаларды тексеруді журналдың жауапты хатшысы «Білім алушылардың бағаланатын жазбаша жұмыстарында, ПОҚ оқу-әдістемелік және ғылыми еңбектерінде мәтінді пайдалануды тексеру ережесі» (УЕ-ХҚТУ-100-2022) сәйкес жүргізеді.

Ғылыми мақала бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарда жариялауға арналмаған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсыну керек.

Журналға жариялау үшін ұсынылған ғылыми мақалалар мәтінінің түпнұсқалығы кем дегенде 75% құрауы керек. Түпнұсқалық нормаға сәйкес келмеген жағдайда және жасанды интеллектпен жасалған мәтіндер анықталса мақала қайтарылады. 75%-дан жоғары нәтиже көрсеткен, журналдың профиліне және басылымға қойылатын талаптарға сәйкес келетін мақала қарауға қабылданады және рецензиялауға жіберіледі.

Авторлар ұсынылған қолжазбада көрсетілген зерттеу нәтижелері толығымен түпнұсқа екендігіне кепілдік беруі керек. Ондағы қолданылған үзінділер мен пайымдаулар автордың міндетті сілтемесі және түпдереккөз ретінде берілуі қажет. Шектен тыс мәтін қолдану, сонымен бірге рәсімделмеген дереккөздерді бұрмалап беру немесе басқа біреудің зерттеу нәтижелерін иемдену секілді кез келген формадағы плагиаттық - әдепсіздік болып табылады және ол қабылданбайды. Сілтемесіз берілген мәліметтер редакциялық алқа тарапынан плагиат ретінде қаралады.

Авторлық құқық және куәландыру (лицензиялау)

Журналда мақалаларды оқуға, жүктеуге, көшіруге, таратуға, басып шығаруға және олардың толық мәтіндеріне ешқандай шектеусіз авторлық құқықпен сілтеме жасауға мүмкіндік беретін еркін қол жетімділік бар. Авторлар өздерінің авторлық құқығын сақтайды және журналға қолжазбаны бірінші рет жариялау құқығын береді. Бұл ретте барлық жарияланған қолжазбаларға Creative Commons Attribution лицензиясы қолданылады https://creativecommons.org/licenses/by/4.0/, басқа пайдаланушыларға жұмыстың авторлығы мен осы журналға сілтеме берілген жағдайда материалды еркін көшіруге, таратуға және бейімдеуге мүмкіндік береді. Авторлар қолжазбаның жарияланған нұсқасын (мысалы, оны репозиторийлерге орналастыру немесе кітапқа жариялау) осы журналға сілтеме жасай отырып, эксклюзивті емес тарату туралы қосымша келісімшарттар жасай алады. Авторлар өз жұмыстарын онлайн режимінде (мысалы, институттың репозиторийіне немесе жеке веб-сайтқа) рецензиялау процесіне дейін және журналда жарияланғаннан кейін жүктеуге құқылы.

Мүдделер қақтығысы

Жарияланым этикасы Комитетінің (СОРЕ) анықтамасы бойынша, ғылыми жарияланымдар саласындағы мүдделер қақтығысы дегеніміз автордың, рецензенттің немесе редактордың қаржылық немесе жеке, кәсіби себептерінен болатын жағдайлар.

Мүдделер қақтығысы рецензенттің және редколлегияның ғылыми бағалауынан кейін де туындауы мүмкін. Қос тараптың өзара келіспеушілігі нәтижесінде қолжазба жарияланымына қатысты шешімді редакция мүшелері мен редакциялық алқа мүшелері шығаратын болады.

Қарауға ұсынылған қолжазбалардан алынған жарияланбаған мәліметтер жеке мақсатта пайдаланылмауы немесе автордың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмеуі керек. Шолу кезінде алынған ақпарат немесе идеялар құпия сақталуы және жеке мақсаттарда қолданылмауы керек. Егер зерттеу нәтижесінде мүдделер арасында келіспеушіліктер туындаған жағдайда, редакторлар қолжазбаны қараудан бас тартуы керек (редактордан немесе редакциялық алқаның басқа мүшесінен сұрау). Редакторлар барлық авторлардан бәсекелес қызығушылықтарды ашуды және егер бәсекелес мүдделер жарияланғаннан кейін анықталса, түзетулер жариялауын талап етуі керек. Қажет болған жағдайда, мысалы, пікірді жариялау немесе алаңдаушылық білдіру сияқты басқа да тиісті шаралар қабылдануы керек.

Қолжазбаның мазмұнына қатысты мүдделер қақтығысы болған жағдайда, ғылыми редактор қолжазбаны қайта тексеру мен рецензиялауды басқа рецензентке тапсырады.

Қарастыру және рецензиялау үрдісінде мүдделер қақтығысының болуы, қолжазбаның қайтарылатынын білдірмейді.