Журнал туралы

«Yassawi Journal of Engineering Science» - бұл білім беру және инженерлік ғылымдар мен ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары сапалы, заманауи және ғылыми құндылығы жоғары зерттеу нәтижелерін жариялайтын ғылыми журнал.

Бұл журнал - «Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабарлары (математика, физика, информатика сериясы)» журналының заңды мұрагері (ISSN 2524-0080).

Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінде 2026 жылдың 26 ақпанда тіркелген және «Мерзімді баспасөз басылымдарын, интернет-басылымдарды есепке қою туралы» № KZ44VPY00141439 куәлігі берілген.

Журнал 2016 жылдың мамыр айынан бастап Париж қаласындағы халықаралық ISSN орталығында тіркелген (ISSN 2524-0080).

Журналдың мерзімділігі: жылына 4 рет (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) шығарылады.

Журнал «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (ҰМҒТСО) Қазақстандық дәйексөз алу базасында индекстеледі.

Журнал мақалалары CrossRef ДБ тіркеледі, әр мақалаға DOI - объектінің цифрлық сәйкестендіргіші беріледі, ол электрондық құжаттарға сілтеме жасауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

Сонымен қатар ғылыми басылым ROOTINDEXING және Directory of Research Journal Indexing Халықаралық ақпараттық ресурстарында индекстеледі.

Журналдың редакциялық алқа құрамында қазақстандық және шетелдік ғалымдар бар.

Журналға ғылыми мақалалар Қазақстан, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ басқа да шетелдердегі барлық ұйымдардан төрт тілде (қазақ, түрік, орыс, ағылшын тілдерінде) қабылданады. Мақала журнал сайтында толық мәтінде 4 тілде орналастырылады.

Журналдың басты мақсаты - білім беру, инженерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар салаларындағы өзекті ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау, инновациялық идеялар мен ғылыми жаңалықтарды тарату, сондай-ақ ғылыми қауымдастық арасында білім алмасуды дамыту болып табылады.

Журналдың міндеттері: Журналдың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • білім беру, инженерлік ғылымдар және ақпараттық технологиялар салаларындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау;
  • отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми ынтымақтастығын дамытуға ықпал ету;
  • инновациялық технологиялар мен ғылыми жаңалықтарды насихаттау;
  • жас ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми қызметін қолдау;
  • ғылыми мақалалардың сапасын халықаралық стандарттарға сәйкес сараптау және жариялау;
  • инженерлік және ақпараттық жүйелердің теориялық және қолданбалы аспектілерін дамытуға үлес қосу.

Журналдың тақырыптық бағыты: Ғылыми, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект, инженерлік технологиялар, энергетика және автоматтандыру

Журналды шығару мерзімділігі

Журнал белгіленген мерзімде желілік (электрондық) және қағаз нұсқада жылына 4 рет (3 айда бір рет) шығарылады, атап айтқанда: бірінші нөмір ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін, екінші нөмір - ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін, үшінші нөмір - ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін және төртінші нөмір - ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейін шығарылады.