ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ РОМАНДАРЫ: КӨРКЕМДІК-СТИЛЬДІК ІЗДЕНІСТЕР

Авторлар

  • Т. ҚАДЫЛ Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47526/3107-3085.349

Кілт сөздер:

тәуелсіздік жылдары, қазақ романдары, жаңаша бағыт, стильдік сипат, көркемдік ерекшелік, соны ізденістер.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жарық көрген, жаңаша бағытта жазылған, тың форма мен өзіндік стильдік сипатқа ие төрт жазушының романдары талданады. Сонымен қатар, бұл туындылардың көркемдік-стильдік ерекшеліктері мен жазушылардың шығармашылық шеберлігі айқындалады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – тәуелсіздік жылдарында жарық көріп, әдебиеттанушылар мен сыншылар тарапынан жаңашыл бағыттағы роман ретінде бағаланған, әдеби қауымға кеңінен танылған шығармалардың ішінен Мұхтар Мағауинның «Жармақ», Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс», Дидар Амантайдың «Тоты құс түсті көбелек», «Гүлдер мен кітаптар», «Шайыр мен шайтан» романдары және Айгүл Кемелбаеваның «Мұнара» романдары қарастырылады. Талдау кезінде бұл жаушылардың стильдік ізденістері, дара қолтаңбасы нақты мысалдармен атап көрсетіледі. Әрі аталған шығармалардың қазіргі қазақ романының даму үдерісіне қосқан үлесі айқындалады.

Зерттеудің теориялық негізін нығайту мақсатында отандық және шетелдік әдебиеттанушы ғалымдардың іргелі ғылыми тұжырымдары мен концепциялары басшылыққа алынды. Атап айтқанда, көркем мәтінді талдаудың заманауи бағыттары, роман жанрының эволюциясы, авторлық стиль мен поэтикалық жүйе мәселелеріне қатысты теориялық пайымдаулар зерттеу жұмысының әдіснамалық арқауын құрайды. Бұл ғылыми ұстанымдар қарастырылып отырған шығармалардың көркемдік табиғатын тереңірек тануға және оларды әдеби үдеріс контексінде бағалауға мүмкіндік берді.

Зерттеу барысында ғылыми мақалаларға тән саралау, жинақтау, жүйелеу және синтездік талдау әдістері кешенді түрде қолданылды. Саралау әдісі арқылы әрбір туындының мазмұндық және құрылымдық ерекшеліктері айқындалса, жинақтау мен жүйелеу тәсілдері негізінде ортақ белгілер мен дара сипаттар топтастырылды. Ал синтездік талдау зерттеу нысандарын тұтас қарастырып, олардың өзара байланысы мен әдеби даму үдерісіндегі орнын анықтауға мүмкіндік берді.

Әдебиеттер тізімі

1. Аймұхамбет Ж., Алпысбаев Қ., Әбілхамитқызы Р., Байтанасова Қ., Дүйсенғазин С., Ердембеков Б. Тәуелсіздік тудырған романдар: оқулық. – Астана: МастерПО, 2012. – 224 б.

2. Бельгер Г. Мұрат пен Марат: Мұхтар Мағауиннің «Жармақ» романы туралы бірер сөз // Отбасы және Денсаулық. – 2010. – №9-10. – 71 б. [Электронды ресурс]. URL: https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/1107 (қаралған күні 16.04.2025)

3. Әбдірайым Т. Бағы жанатын шығарма. [Электронды ресурс]. URL: https://qazaqadebieti.kz/7274/ba-y-zhanatyn-shy-arma (қаралған күні 16.04.2025)

4. ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Арда, 2011. – 640 б.

5. Сыздықов С.Қ., Тлеубкова Б.Т., Ибраева А.Д. Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның көрінісі: Б.Сарыбай шығармаларының көркемдік сипаты // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2025. – №3 (137). – Б. 7–16. https://doi.org/10.47526/2025-3/2664-0686.229

6. Мағауин М. 26 томдық шығармалар жинағы. 10-том. – Алматы: Qasym баспа үйі, 2008. – 550 б.

7. Kadyl T., Amirov A.Zh., Tuimebekova A., Kaspikhan B.K., Seisembayeva Zh.A., Zhetibay R. The Linguistic and Poetic Function of Landscape Imagery in Kazakh Novels: An Analysis Based on Kazakh Novels Written After Kazakhstan’s Independence // Forum for Linguistic Studies. – 2025. – Volume 07, Issue 09. – P. 356-371. https://doi.org/10.30564/fls.v7i9.10469

8. 汪正龙. 文学理论,中国:南京大学出版社,2019. – 384页.

9. Әсемқұлов Т. Талтүс, Тәттімбет сері (Роман). – Астана: Күйшілер одағы, «KazHeritage», Лиля Калаустың Баспа үйі, 2020. – 436 б.

10. Әсемқұлов Т. Шығармалары. 1-том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2016. – 436 б.

11. Бахтин М.М. Эстетика словесного творчества. – Москва: Искусство, 1979. – 426 с.

12. Жанұзақова Қ.Т., Қамбарова Б.Ғ. Т. Әсемқұлов прозасындағы көркемдік-стильдік ізденістер // Торайғыров университетінің Хабаршысы. Филологиялық сериясы. – 2022. – №1. – Б. 35–36. https://doi.org/10.48081/QXHX5056

13. Умаров Г.С., Бозбаева А.Г., Файзуллаева Ф.Т. Языковая и художественная картина мира в романах Т. Асемкулова и А. Чудакова // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2025. – №4. – С. 106-118. https://doi.org/10.47526/2025-4/2664-0686.278

14. Wellek R., Warren A. Zheory of literature. – New York: Harcourt, Brace and World, 1956. – 420 p.

15. Амантай Д. Қастерле мені: Романдар, повестер, әңгімелер, есселер. – Алматы: Өнер, 2000. – 567 б.

16. Амантай Д. Гүлдер мен кітаптар. – Алматы: Арман, 2003. – 108 б.

17. Амантай Д. Шайыр мен Шайтан. – Алматы: Жалын, 1996. – 230 б.

18. Кемелбаева А. Мұнара. – Алматы: Арман, 2003. – 272 б.

19. Knickerbocker S. «The New criticism and Scholarship» // in: Twentieth-Century English. – New York: Philosophical Library, 1946. – P. 371-383.

20. Wehrli M. Allgemeine Literaturwissenschaft. – Bern: Francke, 1951. – 168 p.

REFERENCES

1. Aimuhambet Zh., Alpysbaev Q., Abіlhamitqyzy R., Baitanasova Q., Duisengazin S., Erdembekov B. Tauelsіzdіk tudyrgan romandar: oqulyq [Novels that were born in independence: a textbook]. – Astana: MasterPO, 2012. – 224 b. [in Kazakh]

2. Belger G. Murat pen Marat: Muhtar Magauinnin «Zharmaq» romany turaly birer soz // Otbasy jane densaulyq. – 2010. – №9-10. – 71 b. [Electronic resource]. URL: https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/1107 (date of access 16.04.2025) [in Kazakh]

3. Abdіraiym T. Bagy zhanatyn shygarma [A work that will be happy]. [Electronic resource]. URL: https://qazaqadebieti.kz/7274/ba-y-zhanatyn-shy-arma (date of access 16.04.2025) [in Kazakh]

4. XXI gasyrdagy adebieti [Kazakh literature of the XXI century]. – Almaty: Arda, 2011. – 640 b. [in Kazakh]

5. Syzdyqov S.Q., Tleubkova B.T., Ibraeva A.D. Tauelsіzdіk kezenіndegі prozanyn korіnіsі: B.Sarybai shygarmalarynyn korkemdіk sipaty [Reflection of prose in the period of independence: artistic character of B. Sarybay's works] // Iasaui universitetіnіn habarshysy. – 2025. – №3 (137). – B. 7–16. https://doi.org/10.47526/2025-3/2664-0686.229 [in Kazakh]

6. Magauin M. 26 tomdyq shygarmalar zhinagy. 10-tom [Collection of works in 26 volumes. Volume 10]. – Almaty: Qasym baspa uiі, 2008. – 550 b. [in Kazakh]

7. Kadyl T., Amirov A.Zh., Tuimebekova A., Kaspikhan B.K., Seisembayeva Zh.A., Zhetibay R. The Linguistic and Poetic Function of Landscape Imagery in Kazakh Novels: An Analysis Based on Kazakh Novels Written After Kazakhstan’s Independence // Forum for Linguistic Studies. – 2025. – Volume 07, Issue 09. – P. 356-371. https://doi.org/10.30564/fls.v7i9.10469

8. Wang Zhenglong. Wenxue lilun [Literary theory]. – Zhongguo: nanjing daxue chubanshe, 2019. – 384 ye. [in Chinese]

9. Asemqulov T. Taltus, Tattіmbet serі (Roman) [Midday, Tattimbet Seri (novel)]. – Astana: Kuishіler odagy, «KazHeritage», Lilia Kalaustyn Baspa uiі, 2020. – 436 b. [in Kazakh]

10. Asemqulov T. Shygarmalary. 1-tom [Works. Volume 1]. – Almaty: Qazaq enciklopediasy, 2016. – 436 b. [in Kazakh]

11. Bahtin M.M. Estetika slovesnogo tvorchestva [Aesthetics of verbal creativity]. – M.: Iskusstvo, 1979. – 426 s. [in Russian]

12. Zhanuzaqova Q.T., Qambarova B.T. Asemqulov prozasyndagy korkemdik-stildik izdenister [Artistic and stylistic researchin the prose of T. Asemkulov] // Toraigyrov universitetіnіn Habarshysy. Filologialyq seriasy. – 2022. – №1. – B. 35–36. https://doi.org/10.48081/QXHX5056 [in Kazakh]

13. Umarova G.S., Bozbaeva A.G., Faizullaeva F.T. Iazykovaia i hudozhestvennaia kartina mira v romanah T. Asemkulova i A. Chudakova [The Linguistic and Artistic Worldview in the Novels of T. Asemkulov and A. Chudakov] // Iasaui universitetіnіn habarshysy. – 2025. – №4 (138). – S. 106–118. https://doi.org/10.47526/2025-4/2664-0686.278

14. Wellek R., Warren A. Zheory of literature. – New York: Harcourt, Brace and World, 1956. –420 p.

15. Amantai D. Qasterle menі: Romandar, povester, angіmeler, esseler [Cherish me: novels, short stories, stories, essels]. – Almaty: Oner, 2000. – 604 b. [in Kazakh]

16. Amantai D. Gulder men kіtaptar [Flowers and books)]. – Almaty: Arman, 2003. – 108 b. [in Kazakh]

17. Amantai D. Shaiyr men Shaitan [Tar and the Devil]. – Almaty: Zhalyn, 1996. – 230 b. [in Kazakh]

18. Kemelbaeva A. Munara [Tower]. – Almaty: Arman, 2003. – 272 b. [in Kazakh]

19. Knickerbocker S. «The New criticism and Scholarship» // in: Twentieth-Century English. – New York: Philosophical Library, 1946. – P. 371-383.

20. Wehrli M. Allgemeine Literaturwissenschaft [General Literary Studies]. – Bern: Francke, 1951. – 168 p. [in German]

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану