Сырым батыр бастаған ұлт-азаттық қозғалысының қазақ әдебиетінде бейнеленуі
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47526/3107-3085.424Кілт сөздер:
Сырым Датұлы, ұлт-азаттық қозғалыс, тарихи шығарма, тарихи шындық, көркемдік шешім.Аңдатпа
ХVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясаты белең алды. Отаршылдыққа қарсы алғашқы әрі маңызды көтерілістер ұзақ жылдарға созылды. Ұлт-азаттық сипат алған сондай наразылықтың бірі – Сырым Датұлы бастаған көтеріліс. Бұл мақаланың мақсаты 1783-1797 жылдары патшаның отарлау саясатына қарсы күрестің басшысы, батыр Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың көркем әдебиетте бейнеленуін талдауға арналған. Қазақ тарихында маңызды орын алатын бұл көтерілістің басшысы би, шешен Сырымның ерлігі мен батырлығын халық ақындары тарихи жырларға арқау етті, ақын Ғұмар Қараш «Сырым батыр», Ығылман Шөреков «Исатай – Махамбет» дастанында көркемдікпен жырлады. Ұлттық әдебиеттегі батыр туралы аңыз-әңгімелер мен тарихи жырлардың қатары кеңестік дәуір тұсында Ғабит Мүсіреповтің «Болашаққа аманат» атты тарихи пьесасымен толықты. Сонымен қатар Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы Сырым батырдың кісе белдігі туралы сюжет те батыр образын толықтыра түседі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жазушы, драматург Рақымжан Отарбаевтың «Сырым батыр» пьесасы мен көрнекті жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романында батырдың сом тұлғасы көркемдікпен бейнеленді. «Тар кезең» тарихи романында жазушы тарихымыздағы күрделі оқиғаларды, белгілі тұлғаларды зерделеп, тарихи шындықтың көркемдік шешімін бейнелеген. Сонымен қатар Сырым Датұлы туралы бірнеше публицистикалық және ғылыми мақалалар жазылды. Зерттеудің міндеті – аталған туындыларға талдау жасай отырып, тарихымызда маңызды орын алатын Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының көркем әдебиетте бейнеленуі арқылы тарихи шындықтың көркемдік шешімін зерделеу. Зерттеу тарихи шығармалардың ұлттық жадыны жаңғыртуға қосатын үлесін саралауымен өзекті. Мақалада Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс пен елдік үшін күрескен тарихи тұлғалар туралы туындыларға салыстырмалы талдау жасалады. Ұсынылған материалдарды қазақ әдебиетінің тарихынан элективті курстар оқуда пайдалануға болады.
Әдебиеттер тізімі
1. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001. – 448 б.
2. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: Ғылым, 1991. – 208 б.
3. Өтеміс И. Басты шығармам – «Тар кезең» // Ақтөбе. – 2014, 11 желтоқсан. – №153-154.
4. Мұқтар Ә.К. Нұралы хан және Сырым батыр. Тарих. Тағдыр. Тұлғалар. – Қостанай: Қостанай мемлекеттік университеті, 1997. – 115 б.
5. Мүсірепов Ғ. Болашаққа аманат. Тарихи драма // Жұлдыз. – 1981. – №1. – Б. 16-40.
6. Елеукенов Ш. Қазіргі тарихи романдардағы тарихи шындық пен көркемдік шешім // Жұлдыз. – 2016. – №8. – Б. 159-170.
7. Отарбаев Р. Айна-ғұмыр. Пьесалар. – Астана: Фолиант, 2013. – 512 б.
8. Мұханбетқалиұлы Қ. Тар кезең. – Алматы: Мереке, 2012. – 584 б.
9. Елеукенов Ш. Шығармалары. Т.1. Тәуелсіздік көзімен. – Астана: Фолиант, 2011. – 536 б.
10. Орда Г. Тар кезең тағылымы // Егемен Қазақстан. – 2014, 3 қыркүйек. – Б. 5.
11. Сырым Датұлы: жинақ / Құраст. Қ. Мұханбетқалиұлы, Қ. Орынғали. – Алматы: Арыс, 2004. – 318 б.
12. Мұханбетқалиұлы Қ. Тоғысар арнамыз бір толғанғанда... Әдеби сын-мақалалар, зерттеулер, ой-толғаныстар. – Алматы: Балауса, 2010. – 319 б.
13. Мәшімбаев С.М. Сырым Датұлы (1742-1802 жж.): монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 122 б.
14. Қосжанов А.С. Сырым Датұлын әрі шешен, әрі би ретінде зерттеу: заң ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 1995. – 145 б.
15. Pangereyev A.Sh., Borash B.T., Shokum G.T., Baltymova M.R., Rysmaganbetova G.D., Aliyev B.B. Koblandy batyr: from the epic image to the historical person // Academia Brasileira de Ciências. – 2017. – Vol. 89, №3. – P. 2307-2319.
16. Assanov Z.A., Pangereyev A.S., Baltymova M.R., Borash, B.T., Idrissova E.T. «Edigey» as the common heritage of the Turkic people: Historical basis of the epos // International Journal of Environmental and Science Education. – 2016. – Vol.11, №14. – P. 6395-6408.
17. Amangalieva A.E., Soylemez O. The Image of Historical Figures in the Novel by Kh. Yessenzhanov // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2023. – №2(128). – P. 65-78. https://doi.org/10.47526/2023-2/2664-0686.06
18. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі. – Қызылорда, 20 қаңтар 2026 ж. [Электронды ресурс]. URL: https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-ulttyk-kuryltaydyn-besinshi-otyrysynda-soylegen-sozi-2005352 (қаралған күні 22.01.2026)
REFERENCES
1. Qirabaev S. Ult tauelsizdigi jane adebiet [National Independence and Literature]. – Almaty: Gylym, 2001. – 448 b. [in Kazakh]
2. Dadebaev J. Omir shyndygy jane korkemdik sheshim [Reality of Life and Artistic Interpretation]. – Almaty: Gylym, 1991. – 208 b. [in Kazakh]
3. Otemіs I. Basty shygarmam – «Tar kezen» [My main work is «Narrow stage»] // Aqtobe. – 2014, 11 jeltoqsan. – №153-154. [in Kazakh]
4. Muqtar A.K. Nuraly han jane Syrym batyr. Tarih. Tagdyr. Tulgalar [Nuraly Khan and Syrym batyr. History. Fate. Persons]. – Qostanai: Qostanai memlekettіk universitetі, 1997. – 115 b. [in Kazakh]
5. Musіrepov G. Bolashaqqa amanat [A Trust for the Future]. Tarihi drama // Juldyz. – 1981. – №1. – B. 16-40. [in Kazakh]
6. Eleukenov Sh. Qazіrgі tarihi romandardagy tarihi shyndyq pen korkemdіk sheshіm [Historical truth and artistic solution in the modern Kazakh novel] // Juldyz. – 2016. – №8. – B. 159-170. [in Kazakh]
7. Otarbaev R. Aina-gumyr. Piesalar [The mirror is life. Plays]. – Astana: Foliant, 2013. – 512 b. [in Kazakh]
8. Muhanbetqaliuly Q. Tar kezen [Narrow stage]. – Almaty: Mereke, 2012. – 568 b. [in Kazakh]
9. Eleukenov Sh. Shygarmalary. T.1. Tauelsіzdіk kozіmen [Works. T.1. Through the eyes of Independence]. – Astana: Foliant, 2011. – 536 b. [in Kazakh]
10. Orda G. Tar kezen tagylymy [The lessons of a narrow period] // Egemen Qazaqstan. – 2014, 3 qyrkuiek. [in Kazakh]
11. Syrym Datuly: jinaq [Syrym Datuly: collection] / Qurast. Q. Muhanbetqaliuly, Q. Oryngali. – Almaty: Arys, 2004. – 318 b. [in Kazakh]
12. Muhanbetqaliuly Q. Togysar arnamyz bir tolganganda... Adebi syn-maqalalar, zertteuler, oi-tolganystar. [Channel convergence at full saturation… Literary criticism-articles, research, reflections]. – Almaty: Balausa, 2010. – 319 b. [in Kazakh]
13. Mashіmbaev S.M. Syrym Datuly [Syrym Datuly] (1742-1802 jj.): monografia. – Almaty: «Qazaq universitetі», 2015. – 122 b. [in Kazakh]
14. Qosjanov A.S. Syrym Datulyn arі sheshen, arі bi retіnde zertteu: zan gyl. kand. ... dis. [The study of Syrym Datuly as both an orator and a dancer: dis.]. – Almaty, 1995. – 145 b.[in Kazakh]
15. Pangereyev A.Sh., Borash B.T., Shokum G.T., Baltymova M.R., Rysmaganbetova G.D., Aliyev B.B. Koblandy batyr: from the epic image to the historical person // Academia Brasileira de Ciências. – 2017. – Vol. 89, №3. – P. 2307-2319.
16. Assanov Z.A., Pangereyev A.S., Baltymova M.R., Borash, B.T., Idrissova E.T. «Edigey» as the common heritage of the Turkic people: Historical basis of the epos // International Journal of Environmental and Science Education. – 2016. – Vol.11, №14. – P. 6395-6408.
17. Amangalieva A.E., Soylemez O. The Image of Historical Figures in the Novel by Kh. Yessenzhanov // Iasaui universitetіnіn habarshysy. – 2023. – №2(128). – P. 65-78. https://doi.org/10.47526/2023-2/2664-0686.06
18. Memleket basshysy Qasym-Jomart Toqaevtyn Ulttyq quryltaidyn besіnshі otyrysynda soilegen sozі [The Address Delivered by the Head of State, Kassym-Jomart Tokayev, at the Fifth Session of the National Kurultai]. – Qyzylorda, 20 qantar 2026 j. [Electronic resource]. URL: https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-ulttyk-kuryltaydyn-besinshi-otyrysynda-soylegen-sozi-2005352 (date of access 22.01.2026) [in Kazakh]
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Yassawi Journal of Philology

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.