Қазақ тіліндегі шырай категориясының когнитивтік-дискурсивтік ерекшеліктері (көркем мәтін негізінде)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47526/3107-3085.425Кілт сөздер:
шырай категориясы, сын есім, когнитивтік лингвистика, дискурсивтік талдау, прагматикалық қызмет, тілдік бейне, эмоционалдық реңк.Аңдатпа
Бұл мақала қазақ көркем прозасындағы сын есімнің шырай категориясының когнитивтік-дискурсивтік және прагматикалық ерекшеліктерін талдауға арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – сын есім шырай формаларының көркем мәтіндегі мағыналық, экспрессивтік және бағалауыштық қызметін айқындау. Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды: көркем мәтіндерден сын есімдердің қолданысын жүйелеу; сапалық, күшейтпелі және салыстырмалы шырай формаларының жиілігі мен қызметін анықтау; шырай категориясының кейіпкер бейнесін жасау, эмоциялық ахуалды жеткізу және авторлық бағалауды қалыптастырудағы рөлін сипаттау.
Зерттеу нысаны ретінде О. Бөкейдің «Қамшыгер», Д. Әшімханұлының «Құдайсыздар» және Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімелері алынды. Зерттеу барысында сипаттамалы, мәтіндік талдау, когнитивтік-дискурсивтік және функционалды-прагматикалық әдістер қолданылды. Талдау нәтижесінде сын есімнің шырай категориясы көркем дискурста грамматикалық салыстырудан гөрі сапаның шектік, абсолюттік күйін білдіру, психологиялық және философиялық мазмұнды тереңдету қызметін атқаратыны анықталды.
Зерттеу нәтижелері сапалық сын есімдердің бұл әңгімелерде басымдыққа ие екенін, ал салыстырмалы шырай формаларының көркем мәтінде сирек қолданылатынын көрсетті. Күшейтпелі мағына көбіне морфологиялық шырай көрсеткіштері арқылы емес, күшейткіш элементтер, лексикалық қайталау арқылы жүзеге асатыны дәлелденді. Сонымен қатар сын есімдердің шырай формалары кейіпкердің ішкі психологиялық күйін, әлеуметтік қысымды, авторлық бағалауды білдірудің негізгі тілдік құралы ретінде қызмет атқаратыны айқындалды.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – сын есімнің шырай категориясын функционалды грамматика мен дискурс теориясы тұрғысынан кешенді сипаттауында. Алынған тұжырымдар қазақ тіл біліміндегі көркем мәтін лингвистикасы мен когнитивтік бағыттағы зерттеулерді толықтырады. Зерттеудің практикалық құндылығы – көркем мәтінді талдау тәжірибесінде қолдану мүмкіндігінде.
Әдебиеттер тізімі
1. Байтұрсынұлы А. Тіл–құрал. – Алматы: Сардар, 2009. – 346 б.
2. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тiлi, 1992. – 448 б.
3. Шәкенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 120 б.
4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту институты, 2010. – 608 б.
5. Кемеңгерұлы Қ. Үш томдық шығармалар жинағы: Зерттеулер,көркем шығармалары, мақалалар. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. – T. 1. – 384 б.
6. Шонанұлы Т. Үш томдық шығармалар жинағы. Оқулықтары мен оқу құралдары. – Алматы: Ел-шежіре, 2013. – T. 1. – 384 б.
7. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі: Филология факультеттері студенттеріне арналған оқулық. 2-басылымы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 384 б.
8. Құсайын Р. Сын дәрежесі категориясы // Қазақ тіл білімінің антологиясы. – Павлодар, 2010. – Б. 243–446.
9. Мұсабаев Ғ.Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. – Алматы: Қазақ ССР ғылым академиясының баспасы, 1951. – 94 б.
10. Маманoв Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері - Вопросы казахского языкознания. – Алматы: Арыс, 2008. – 482 б.
11. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Өнер, 2007. – 340 б.
12. Кенбаева С. Шырай категориясының кейбір мәселелері // ҚР ҰҒА Хабаршысы. Филология сериясы. – 2006. – №1. – Б. 82-85.
13. Мұхамади Қ. Шырайдың аналитикалық бірлігі туралы // Suleyman Demirel University. СДУ хабаршысы. – 2010. – T. 15, №2. – Б. 8-13.
14. Manasbayeva N., Sabitova L. Pragmatic characteristics of diminutive adjectives in Kazakh and English languages // Lodz Papers in Pragmatics. – 2025. – Т. 21, №1. – P. 17-34.
15. Bizhkenova A. Structural-semantic and pragmatic features of deonym adjectives in Russian, Kazakh and German languages // XLinguae-A European Scientific Language Journal registered by the Ministry of Culture of Slovak Republic: EV. – 2017. – Т. 2747, №8. – P. 3-12.
16. Бөкей О. «Қамшыгер» әңгімесі // Argymaq.kz. [Электронды ресурс]. URL: https://argymaq.kz/wp-content/uploads/2018/03/-B%D3%A9kej-%D2%9Aamshyger.pdf?ysclid=mkxwvem3ca723809699 (қаралған күні 12.06.2025)
17. Әшімханұлы Д.«Құдайсыздар» әңгімесі // Bilim-all.kz. [Электронды ресурс]. URL: https://bilim-all.kz/article/9071-Qudaisyzdar?ysclid=mkxz1hmlyy813899229 (қаралған күні 13.07.2025)
18. Мұқанова Р. «Мәңгілік бала бейне» әңгімесі // Madeniportal.kz. [Электронды ресурс]. URL: https://madeniportal.kz/article/1256 (қаралған күні 28.07.2025)
19. Карабаева Л.К., Ереханова Ф.Т., Тасполатов Б.Т. Актуальные проблемы когнитивной лингвистики на современном этапе // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2024. – №1(131). – С. 135-148. https://doi.org/10.47526/2024-1/2664-0686.12
REFERENCES
1. Baitursynuly A. Tіl–qural [Language is a tool]. – Almaty: Sardar, 2009. – 346 b. [in Kazakh]
2. Baitursynuly A. Tіl tagylymy [Language lessons]. – Almaty: Ana tili, 1992. – 448 b. [in Kazakh]
3. Shәkenov Zh. Қazaқ tіlіndegі kүrdelі sөzder men kүrdelі tұlғalar. – Almaty: Ana tіlі, 1991. – 120 b. [in Kazakh]
4. Zhubanov Q. Qazaq tіlі zhonіndegі zertteuler [Research on the Kazakh language]. – Almaty: Memlekettіk tіldі damytu instituty, 2010. – 608 b. [in Kazakh]
5. Kemeңgeruly Q. Ush tomdyq shygarmalar zhinagy: Zertteuler, korkem shygarmalary, maqalalar [Collection of works in three volumes: research, works of art, articles]. – Almaty: El-shezhіre, 2013. – T. 1. – 384 b. [in Kazakh]
6. Shonanuly T. Ush tomdyq shygarmalar zhinagy. Oqulyqtary men oqu quraldary [Collection of works in three volumes. Textbooks and teaching aids]. – Almaty: El-shezhіre, 2013. – T. 1. – 384 b. [in Kazakh]
7. Ysqaqov A. Qazіrgі qazaq tіlі: Filologia fakultetterі studentterіne arnalgan oqulyq. 2-basylymy [Modern Kazakh language: Textbook for students of philological faculties. 2nd edition]. – Almaty: Ana tіlі, 1991. – 384 b. [in Kazakh]
8. Qusaiyn R. Syn darezhesі kategoriasy [Category of degree of criticism] // Qazaq tіl bіlіmіnіn antologiasy. – Pavlodar, 2010. – B. 243–446. [in Kazakh]
9. Musabaev G.G. Qazaq tіlіndegі syn esіmnіn shyrailary [Degrees of adjectives in the Kazakh language]. – Almaty: Qazaq SSR gylym akademiasynyn baspasy, 1951. – 94 b. [in Kazakh]
10. Mamanov Y. Qazaq tіl bіlіmіnіn maselelerі - Voprosy kazahskogo iazykoznania [Problems of Kazakh linguistics]. – Almaty: Arys, 2008. – 482 b. [in Kazakh and Russian]
11. Isaev S.M. Qazіrgі qazaq tіlі. Morfologia [Modern Kazakh language. Morphology]. – Almaty: Oner, 2007. – 340 b. [in Kazakh]
12. Kenbaeva S. Shyrai kategoriasynyn keibіr maselelerі [Some problems of the adjective category] // QR UGA Habarshysy. Filologia seriasy. – 2006. – №1. – B. 82-85. [in Kazakh]
13. Muhamadi Q. Shyraidyn analitikalyq bіrlіgі turaly [About the analytical unit of the pronoun] // Suleyman Demirel University. SDU habarshysy. – 2010. – T. 15, №2. – B. 8-13. [in Kazakh]
14. Manasbayeva N., Sabitova L. Pragmatic characteristics of diminutive adjectives in Kazakh and English languages // Lodz Papers in Pragmatics. – 2025. – T. 21, №1. – P. 17-34.
15. Bizhkenova A. Structural-semantic and pragmatic features of deonym adjectives in Russian, Kazakh and German languages // XLinguae-A European Scientific Language Journal registered by the Ministry of Culture of Slovak Republic: EV. – 2017. – T. 2747, №8. – P. 3-12.
16. Bokei O. «Qamshyger» angіmesі [The story “The whip”] // Argymaq.kz. [Electronic resource]. URL: https://argymaq.kz/wp-content/uploads/2018/03/-B%D3%A9kej-%D2%9Aamshyger.pdf?ysclid=mkxwvem3ca723809699 (date of access 12.06.2025) [in Kazakh]
17. Ashіmhanuly D.«Qudaisyzdar» angіmesі [The story “The Godless”] // Bilim-all.kz. [Electronic resource]. URL: https://bilim-all.kz/article/9071-Qudaisyzdar?ysclid=mkxz1hmlyy813899229 (date of access 13.07.2025) [in Kazakh]
18. Muqanova R. «Mangіlіk bala beine» angіmesі [The story “The Image of the Eternal Child”] // Madeniportal.kz. [Electronic resource]. URL: https://madeniportal.kz/article/1256 (date of access 28.07.2025) [in Kazakh]
19. Karabaeva L.K., Erehanova F.T., Taspolatov B.T. Aktualnye problemy kognitivnoi lingvistiki na sovremennom etape [Actual Problems of Cognitive Linguistics at the Present Stage] // Iasaui universitetіnіn habarshysy. – 2024. – №1 (131). – S. 135–148. https://doi.org/10.47526/2024-1/2664-0686.12 [in Russian]
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Yassawi Journal of Philology

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.