АДАПТИВТІ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫН ТАҢДАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ МЕН ФИЗИКА МАЗМҰНЫНА КІРІКТІРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Кілт сөздер:
адаптивті оқыту, физика, Стьюдент критерийі, жасанды интеллект, мобильді оқыту, геймификация.Аңдатпа
Мақалада адаптивті оқыту құралдарын физика пәнінің мазмұнына кіріктіру және оларды іріктеу критерийлерін айқындау мәселелері қарастырылды. Адаптивті оқыту – білім алушының жеке ерекшеліктеріне, оқу стиліне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне қарай оқыту процесін бейімдеуге бағытталған заманауи педагогикалық тәсіл. Аталған технология оқу үдерісін дербестендіруге, білім алушылардың оқу мотивациясын арттыруға және білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Мақалада адаптивті оқыту жүйесінің негізгі компоненттері (оқу контенті, кері байланыс механизмі, алгоритмдер мен деректерді өңдеу, прогресті бақылау жүйесі) сипатталып, олардың білім беру үдерісіндегі орны мен маңыздылығы көрсетілді. Сонымен қатар жасанды интеллект, үлкен деректер, мобильді оқыту және геймификация сияқты қазіргі заманғы трендтердің адаптивті оқыту жүйесінің негізгі бағыттары баяндалды.
Физикадан адаптивті оқыту құралдарын қолданудың өзектілігі бірнеше факторлармен дәлелденді: білім алушылардың үлгерім деңгейінің әркелкілігі, пән мазмұнының күрделілігі, теория мен практиканы үйлестіру қажеттілігі, сондай-ақ цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану. Адаптивті оқыту құралдары білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, дербес және жауапты білім алуға ықпал етеді. Зерттеу барысында теориялық талдау, салыстыру, модельдеу, жалпылау, бақылау және оқу тәжірибесін зерттеу әдістері қолданылды. Адаптивті оқыту құралдары ретінде оқу және дидактикалық материалдар, мультимедиялық ресурстар, бейнеүзінділер мен онлайн платформалар пайдаланылды. Адаптивті құралдарды бейімдеудің кезеңдері қарастырылды. Адаптивті оқыту құралдарын белгілерге қарай жіктеулері анықталды. Адаптивті оқыту құралдарының құрылымдық ерекшеліктері анықталды. Тіркеу әдістері негізінде Стьюдент критерийімен есептелінген эксперимент нәтижелері алынды. Зерттеу нәтижесінде оқыту үдерісіне адаптивті технологияларды кіріктіру физика пәнін меңгеруді едәуір жақсартатыны анықталды.
Әдебиеттер тізімі
1. Kinshuk C., Sampson D.G. Personalized and Adaptive Learning Systems: The Next Generation of Educational Technology // Educational Media International. – 2005. – №42(4). – Р. 311-326.
2. VanLehn K. The Relative Effectiveness of Human Tutoring, Intelligent Tutoring Systems, and Other Tutoring Systems //Educational Psychologist. – 2011. – №46(4). – Р. 197-221.
3. Brusilovsky P. Adaptive Hypermedia // User Modeling and User-Adapted Interaction. – 2001. – №11(1). – Р. 87-110.
4. Шакиров М.Р., Гусев А.В. Специфика психологической подготовки будущих специалистов адаптивной физической культуры // Ученые записки университета им. П.Ф. Лесгафта. – 2021. – №3 (193). – С. 555-559.
5. Галиуллина С.Х. Адаптивные обучающие системы: структура и перспективы развития // Информационные технологии в образовании. – 2021. – №1. – С. 122-131.
6. Тұрғынбаева Б.А. Болашақ мұғалімдердің әлеуетін дамыту: кәсіби шығармашылық жолында. – Алматы: Полиграфия-сервис К, 2012. – 316 б.
7. Shute V.J., Zapata-Rivera D. Adaptive educational systems // Adaptive technologies for training and education. – 2012. – Т. 7, №27. – С. 1-35. https://doi.org/10.1017/CBO9781139049580.004
8. Сыздықова А.Б. Адаптивті оқыту платформаларын енгізудің педагогикалық шарттары // Білім. Ғылым. Инновация. – 2022. – №2. – Б. 86-97.
9. PhET Interactive Simulations. Projectile motion. [Electronic resource]. URL: https://phet.colorado.edu/ (date of access 13.03.2023)
10. Александровна О.И. Методические рекомендации по работе с приложением LearningApps.org. – Областное государственное профессиональное образовательное бюджетное учреждение «Технологический техникум», 2019. – 63 с.
11. Құсайынов А. Адаптивті платформаларды кіріктірудің педагогикалық шарттары // Цифрлық педагогика. – 2023. – №2. – Б. 56-68.
12. Кенжеғалиев Қ. Педагогикалық экспериментте қолданылатын математикалық статистика әдістері:
оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2015. – 168 б.
1. Kinshuk C., Sampson D.G. Personalized and Adaptive Learning Systems: The Next Generation of Educational Technology // Educational Media International. – 2005. – №42(4). – R. 311-326.
2. VanLehn K. The Relative Effectiveness of Human Tutoring, Intelligent Tutoring Systems, and Other Tutoring Systems //Educational Psychologist. – 2011. – №46(4). – R. 197-221.
3. Brusilovsky P. Adaptive Hypermedia // User Modeling and User-Adapted Interaction. – 2001. – №11(1). – R. 87-110.
4. Shakirov M.R., Gusev A.V. Specifika psihologicheskoi podgotovki budushih specialistov adaptivnoi fizicheskoi kultury [The specifics of psychological training of future adaptive physical education specialists] // Uchenye zapiski universiteta im. P.F. Lesgafta. – 2021. – №3 (193). – S. 555-559. [in Russian]
5. Galiullina S.H. Adaptivnye obuchaiushie sistemy: struktura i perspektivy razvitia [Adaptive learning systems: structure and development prospects] // Informacionnye tehnologii v obrazovanii. – 2021. – №1. – S. 122-131. [in Russian]
6. Turgynbaeva B.A. Bolashaq mugalіmderdіn aleuetіn damytu: kasіbi shygarmashylyq zholynda [Development of the potential of future teachers: on the path of professional creativity]. – Almaty: Poligrafia-servis K, 2012. – 316 b. [in Kazakh]
7. Shute V.J., Zapata-Rivera D. Adaptive educational systems // Adaptive technologies for training and education. – 2012. – T. 7, №27. – S. 1-35. https://doi.org/10.1017/CBO9781139049580.004
8. Syzdyqova A.B. Adaptivtі oqytu platformalaryn engіzudіn pedagogikalyq sharttary [Pedagogical conditions for the implementation of adaptive learning platforms] // Bіlіm. Gylym. Innovacia. – 2022. – №2. – B. 86-97. [in Kazakh]
9. PhET Interactive Simulations. Projectile motion. [Electronic resource]. URL: https://phet.colorado.edu/ (date of access 13.03.2023)
10. Aleksandrovna O.I. Metodicheskie rekomendacii po rabote s prilozheniem LearningApps.org [Guidelines for working with the application LearningApps.org]. – Oblastnoe gosudarstvennoe professionalnoe obrazovatelnoe biudzhetnoe uchrezhdenie «Tehnologicheski tehnikum», 2019. – 63 s. [in Russian]
11. Qusaiynov A. Adaptivtі platformalardy kіrіktіrudіn pedagogikalyq sharttary [Pedagogical conditions for the integration of adaptive platforms] // Cifrlyq pedagogika. – 2023. – №2. – B. 56-68. [in Kazakh]
12. Kenzhegaliev Q. Pedagogikalyq eksperimentte qoldanylatyn matematikalyq statistika adіsterі: oqu quraly [Methods of mathematical statistics used in a pedagogical experiment: a manual]. – Astana: Foliant, 2015. – 168 b. [in Kazakh]
