ӘСКЕРИ САЛАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН РОБОТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Кілт сөздер:
робот, робот техникасы ғылымы, робототехниканы оқыту әдістемесі, әскери жаттығу әдістемелері, ынтымақтастықта оқыту, әскери дайындық мұғалімдері.Аңдатпа
Мақалада қазіргі таңдағы ғылым мен техниканың қарышты қадамына қарай әскери саладағы жаңашыл технологиялардың да қарқынды дамып келе жатқандығы сөз болады. Әскери робот техникасы педагогикалық білім берудің маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Оған заманауи қақтығыстарда тиімділікті арттыру, адам шығынын азайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ күрделі және қауіпті тапсырмаларды орындау мүмкіндігі сияқты артықшылықтар тән. Робот техникасының бұл түрі соғыс өнеріне жаңа көзқарас әкеліп, әскери операцияларды жүргізу тәсілдерін түбегейлі өзгертуге ықпал етуде.
Мақалада робот техникасының тарихы мен даму кезеңдеріне шолу жасай отырып, роботтардың әртүрлі типтері мен оларды басқару әдістері туралы біршама түсініктер қалыптастырылған. Әскери робот техникасының жетістіктері мен оның қолданысының бүгінгі таңда кеңінен таралып, соғыс қимылдарын жүргізуде жаңа мүмкіндіктер мен артықшылықтар ұсынатыны сарапталады. Әскери робот техникасына қатысты ғылыми білімнің қалыптасуы мен дамуы, оның болашақта маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Қазіргі уақытта робот техникасының маңыздылығы артып және өзектеніп келеді. Оның бір себебі – әскери операциялар кезінде адам әлеуетін сақтау. Бұл конструкторлық және жобалық ғылымизерттеу қызметі негіздерін меңгеруді талап етеді. Екінші себеп, бұл инновациялық технологиялардың даму тұрғысынан алғанда өзектілігі зерттеліп, өндірістің көп бөлігін роботтандыруға негізделеді. Үшіншіден, мамандар мен операторларды дайындаудың қажеттілігі байқалады. Робот деген не екенін және олардың қандай түрлерінің бар екені мақалада кеңінен сөз болады. Роботтар көбінесе адамдар үшін қиын немесе мүлдем мүмкін емес тапсырмаларды орындайды. Роботтар шаршауды білмейді және тәулік бойы жұмыс істей алады, бастысы батарея заряды жеткілікті болса болды. Ал роботтардың тиімділігі туралы тіпті айтудың қажеті жоқ – адамдардың бір жыл істейтін жұмысын робот бір айда бітіреді. Міне, ғылыми зерттеу осы сияқты өзекті жайттарды оқыту мәселесін ашып көрсетеді.
Әдебиеттер тізімі
1. Юревич Е.И. Основы робототехники: учебное пособие. – 4-е изд. – СПб.: БХВ-Петербург, 2020. – 416 с.
2. Целиков А.С. Военная робототехника: основы и технологии. – СПб.: Политехника, 2021. – 312 с.
3. «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқыту бойынша әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 128 б.
4. Машков К.Ю., Бяков К.Е., Горелов В.А. Робототехнические средства военного назначения.
Структура и свойства. – М.: МГТУ им. Н.Э. Баумана, 2017. – 36 с.
5. Зюскинд Р. Введение в робототехнику. – М.: Машиностроение, 2019. – 287 с.
6. Квинтана А. Программирование мобильных роботов с использованием ROS: практическое руководство по применению Robot Operating System (ROS). – М.: ДМК Пресс, 2020. – 340 с.
7. Титенок А.В. Основы робототехники: учебное пособие. – М.; Вологда: Инфра-Инженерия, 2022.
– 236 с.
8. Ананьев А.В., Булгаков М.А., Волобуев М.Ф., Вышлов О.С., Долгов А.А., Кравцов Е.В., Ледовских Д.Н., Рыжков А.С., Семка В.В., Филимонов А.М., Щуров С.В., Щербаков А.А. Эксплуатация и применение беспилотных летательных аппаратов (FPV-дронов): Учебное пособие. – Воронеж: ВУНЦ ВВС «ВВА», 2023. – 235 с.
9. Mishra P., Koehler M.J. Technological Pedagogical Content Knowledge: A Framework for Teacher Knowledge // Teachers College Record. – 2006. – №108(6). – Р. 1017-1054. https://doi.org/10.1111/j.1467-9620.2006.00684.x
10. Астахова Н.Л., Лукашов В.А. А91 Дроны и их пилотирование. С чего начать. – СПб.: БХВПетербург, 2021. – 224 с.
1. Iurevich E.I. Osnovy robototehniki: uchebnoe posobie [Fundamentals of Robotics: training manual]. – 4e izd. – SPb.: BHV-Peterburg, 2020. – 416 s. [in Russian]
2. Celikov A.S. Voennaia robototehnika: osnovy i tehnologii [Military robotics: fundamentals and technologies]. – SPb.: Politehnika, 2021. – 312 s. [in Russian]
3. «Algashqy askeri zhane tehnologialyq daiyndyq» panіn oqytu boiynsha adіstemelіk qural
[Methodological manual for teaching the discipline “Primary military and technological training”]. – Astana: Y. Altynsarin atyndagy Ulttyq bіlіm akademiasy, 2017. – 128 b. [in Kazakh]
4. Mashkov K.Iu., Biakov K.E., Gorelov V.A. Robototehnicheskie sredstva voennogo naznachenia. Struktura i svoistva [Military-grade robotic devices. Structure and properties]. – M.: MGTU im. N.E. Baumana, 2017. – 36 s. [in Russian]
5. Ziuskind R. Vvedenie v robototehniku [Introduction to Robotics]. – M.: Mashinostroenie, 2019. – 287 s. [in Russian]
6. Kvintana A. Programmirovanie mobilnyh robotov s ispolzovaniem ROS: prakticheskoe rukovodstvo po primeneniu Robot Operating System (ROS) [Programming Mobile Robots using ROS: A Practical guide to using the Robot Operating System (ROS)]. – M.: DMK Press, 2020. – 340 s. [in Russian]
7. Titenok A.V. Osnovy robototehniki: uchebnoe posobie [Fundamentals of Robotics: a study guide]. – M.; Vologda: Infra-Inzheneria, 2022. – 236 s. [in Russian]
8. Ananiev A.V., Bulgakov M.A., Volobuev M.F., Vyshlov O.S., Dolgov A.A., Kravcov E.V., Ledovskih D.N., Ryzhkov A.S., Semka V.V., Filimonov A.M., Shurov S.V., Sherbakov A.A. Ekspluatacia i primenenie bespilotnyh letatelnyh apparatov (FPV-dronov): Uchebnoe posobie [Operation and application of unmanned aerial vehicles (FPV drones): training manual]. – Voronezh: VUNC VVS «VVA», 2023. – 235 s. [in Russian]
9. Mishra P., Koehler M.J. Technological Pedagogical Content Knowledge: A Framework for Teacher Knowledge // Teachers College Record. – 2006. – №108(6). – R. 1017-1054. https://doi.org/10.1111/j.1467-9620.2006.00684.x
10. Astahova N.L., Lukashov V.A. A91 Drony i ih pilotirovanie. S chego nachat [A91 Drones and their piloting. Where to start]. – SPb.: BHV-Peterburg, 2021. – 224 s. [in Russian]
