Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау үшін ойын құрылымын әзірлеу мен апробациялау: шағын оқыту-жобаларын сараптамалық бағалау

Авторлар

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47526/3107-3123.33

Кілт сөздер:

геймификация, мұғалімдерді даярлау, ойын курсы, бастауыш оқыту, шағын оқыту, бағаланатын айдар, ойын арқылы оқыту.

Аңдатпа

Мақала ойын курсын әзірлеу, сынақтан өткізу және болашақ педагогтардың мектеп практикасына геймификацияны енгізу үшін қажетті құзыреттердің қалыптасу деңгейін бағалау, атап айтқанда бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тілін оқытуда ойын әдістемелерін пайдалану жөніндегі есеп түрінде жазылған. Әзірленген құрылым мыналардан тұрады: (а) әрбірінде ойындарды білім беру қажеттіліктеріне бейімдеу бойынша ұсынымдар берілген теориялық және практикалық жаттығулардан тұратын 14 модульден; (б) оқыту дағдыларының деңгейін бағалау үшін шағын оқыту-жобасын дайындау түріндегі емтихан тапсырмасынан тұрады.

Зерттеуге Қазақстан Республикасының педагогикалық бағыттағы ЖОО-нан үшінші курстың 62 білімгері қатысты. Студенттерден шақыртылған сарапшылар емтихан қабылдады. Қатысушылармен дайындалған шағын сабақтарды объективті бағалау үшін жоғары ішкі келісімге ие арнайы 12-критериалды шкала әзірленді. Орта баллдар арасындағы айырмашылықтарды тексеру үшін қайталама өлшемдермен дисперсиялық талдау жүргізілді. Ықтимал айырмашылықтарды егжей-тегжейлі нақтылау үшін Бонферрони түзетулерімен апостериорлық талдау орындалды. Сарапшылардың бағалауынша курстың жалпы нәтижелілігі жоғары (критерийлер бойынша орта балл 5 баллдық шкалада 3,97-ден 4,42-ге дейін), бұл курсты өту қорытындылары бойынша ойын технологияларын тарта отырып, шет тілін оқыту дағдыларының қалыптасуының оң деңгейі туралы нақты айтуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, технологияларды қолдану мен эмоциональдық қолдау критерийлеріне қарағанда статистикалық мейлінше төмен болған тайм-менеджмент баллдарын есепке алмасақ, бұл жердегі көрсеткіштердің қалыбы біртектес. Бұл цифрлық құралдарды интеграциялау кезінде уақытты басқаруға екпінді күшейту қажеттігін көрсетеді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – болашақ мұғалімдерді мақсатты даярлау шеңберінде сандық технологиялармен, инклюзивті және кросс-мәдени элементтермен ойын әрекеттерін кешенді синтездеуден (оқушыларды оқытуға бағытталған жұмыстардың көпшілігінен айырмашылығы), сондай-ақ шет тілін ойын арқылы оқыту контексінде шағын оқыту-жобалар үшін мамандандырылған бағалау құралдарын әзірлеу. Практикалық құндылығы деп педагогтар үшін тәжірибеге енгізуге дайын ресурстарды, яғни педагогикалық жоғары оқу орындары мен біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларында қолданылатын ойын модульдері мен бағалау құралдарын әзірлеуді айтамыз.

Автор өмірбаяндары

А.Б. РАЙМКУЛОВА , І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі БББ докторанты

К.Т. ЫБЫРАИМЖАНОВ, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор

М. ХАЛМАТОВ, Биледжик шейх Эдебали университеті

Педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (доцент)

Әдебиеттер тізімі

1. Nazhen S., Kainbayeva L., Yeshmurat G. Development of an electronic environment for organizing independent work and its integration into the educational process // Yassawi Journal of Education Studies. – 2026. – №1(139). – P. 136–150. https://doi.org/10.47526/2026-1/3107-3123.11

2. Gundersen S.W., Lampropoulos G. Using serious games and digital games to improve students' computational thinking and programming skills in K-12 education: A systematic literature review // Technologies. – 2025. – Vol. 13. – №3. – Article 113. https://doi.org/10.3390/technologies13030113

3. Mohlaroyim A. Effective methods of teaching English in the classroom // Journal of New Century Innovations. – 2025. – Vol. 70. – №2. – P. 132–135. https://scientific-jl.com/new/article/view/1725/1648

4. Saputra A., Hijriyah U., Romlah L. S., Susanti A., Shabira Q. Trends and developments in gamification for science education: A Bibliometric review from 2019 to 2023 // Jurnal Penelitian Pendidikan IPA. – 2025. – Vol. 11. – №1. – P. 30–44. https://doi.org/10.29303/jppipa.v11i1.10169

5. Chen Y. Using a game-based translation learning app and Google apps to enhance translation skills: Amplification and omission // International Journal of Human–Computer Interaction. – 2023. – Vol. 39. – №20. – P. 3894–3908. https://doi.org/10.1080/10447318.2022.2108591

6. Weisberg L., Dawson K., Dana N.F. Engaging preservice teachers in the design of digital breakout games in an educational technology course // Journal of Digital Learning in Teacher Education. – 2022. – Vol. 38. – №2. – P. 71–88. https://doi.org/10.1080/21532974.2022.2038738

7. Gumbi N.M., Sibaya D., Chibisa A. Exploring pre-service teachers' perspectives on the integration of digital game-based learning for sustainable STEM education // Sustainability. – 2024. – Vol. 16. – №3. – Article 1314. https://doi.org/10.3390/su16031314

8. Liat E., Hayak M. The integration of digital games into teaching and learning – A unique constructivist framework // British Journal of Educational Technology. – 2024. – P. 1–21. https://doi.org/10.1111/bjet.13555

9. Krishnan S.D., Norman H., Md Yunus M. Online gamified learning to enhance teachers' competencies using Classcraft // Sustainability. – 2021. – Vol. 13. – №19. – Article 10817. https://doi.org/10.3390/su131910817

10. Hu Y. Kahoot! in the classroom: Examining the impact of a game-based student response system on pre-service teachers' academic achievement and perceptions // Innovations in Education and Teaching International. – 2024. – Vol. 61. – №5. – P. 960–971. https://doi.org/10.1080/14703297.2023.2250757

11. Mursalin M., Saputra E., Ali M. A literature review on gamification as an interactive approach in mathematics learning for elementary school students // International Journal of Trends in Mathematics Education Research. – 2024. – Vol. 7. – №4. – P. 18–23. https://doi.org/10.33122/ijtmer.v7i4.367

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

РАЙМКУЛОВА , А., ЫБЫРАИМЖАНОВ, К., & ХАЛМАТОВ, М. (2026). Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау үшін ойын құрылымын әзірлеу мен апробациялау: шағын оқыту-жобаларын сараптамалық бағалау . Yassawi Journal of Education Studies, 3(141), 209–222. https://doi.org/10.47526/3107-3123.33

Журналдың саны

Бөлім

Мақалалар