АУЫЛ ЖӘНЕ ҚАЛА МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ БІЛІМ САПАСЫ ТУРАЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӨЗҚАРАСЫН ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47526/3107-3123.333Кілт сөздер:
ауыл, қала, білім сапасы, студент көзқарасы, эмпирикалық зерттеу, салыстырмалы талдау, Jasp.Аңдатпа
Мақалада ауыл және қала мектептерін бітірген студенттердің мектеп қабырғасындағы білім беру сапасына қатысты қабылдау ерекшеліктері салыстырмалы және сандық негізде зерттеледі. Жүргізілген зерттеудің басты мақсаты – ауылдық және қалалық ортада білім алған студенттердің мектептегі оқу үдерісіне, педагогикалық қолдау шараларына, материалдық-техникалық базаға және цифрлық ресурстарға қатысты пікірлерін анықтап, олардың айырмашылықтарын ғылыми тұрғыда талдау. Зерттеу мазмұны білім алушылардың мектептегі білім сапасына қатысты көзқарастарын сипаттайтын 16 индикаторды қамтып, ауыл және қала мектептерін бітірген студенттердің жауаптарын салыстырмалы талдау негізінде ашылады. Талдаудың нәтижелері білім беру сапасындағы айырмашылықтардың қай аспектілерде айқын көрінетінін көрсетуге бағытталды. Эмпирикалық деректер қазақстандық екі университет студенттері арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде жинақталып, JASP статистикалық талдау бағдарламасының көмегімен талданды.
Жиналған деректерді өңдеуде дескриптивті статистика, тәуелсіз t-тест және Pearson корреляциялық талдауы қолданылды. Талдау нәтижелері бойынша қалалық мектеп түлектері білім беру сапасына, мұғалімдердің кәсіби деңгейіне, технологиялық мүмкіндіктерге және қосымша қолдауға жоғары баға бергені анықталды. Ауылдық мектеп түлектері болса кейбір педагогикалық қатынас пен тәрбие саласына оң көзқарас танытқанымен, жалпы инфрақұрылым мен заманауи білім беру талаптары бойынша әлсіз тұстарын байқатты. Pearson корреляциясы арқылы айнымалылар арасындағы өзара байланыстардың құрылымы анықталып, білім беру сапасына әсер ететін негізгі факторлар ғылыми негізде сипатталды. Алынған зерттеу нәтижелері ауыл мен қала мектептері арасындағы теңсіздіктің құрылымдық сипатын ашуға, сонымен қатар болашақ реформалар үшін нақты ұсыныстар жасауға негіз болады. Мақалада білім беру теңсіздігі тақырыбы жан-жақты қарастырылып, шынайы деректерге сүйенген ғылыми қорытындыларымен ерекшеленеді.
Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттердің ауыл және қала мектептеріндегі білім сапасына қатысты көзқарастарын эмпириялық әдістер арқылы талдау нәтижелері білім беру саласын дамытуға арналған практикалық ұсыныстарды әзірлеп, негіздеуге мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі
1. OECD. PISA 2018 Results (Volume II): Where All Students Can Succeed. – Paris: OECD Publishing, 2019. – 475 p. https://doi.org/10.1787/b5fd1b8f-en.
2. Безверхый О. Відмінності у цінностях старшокласників, сформованих у різних соціальних середовищах (село і місто) // Психологія та особистість. – 2022. – №1(2). – С. 15–21. https://doi.org/10.31652/2786-6033-2022-1(2)-15-21 / Bezverhyi O. Vіdmіnnostі u cіnnostiah starshoklasnikіv, sformovanih u rіznih socіalnih seredovishah (selo і mіsto) [Differences in the values of high school students formed in different social environments (village and city)] // Psihologіa ta osobistіst. – 2022. – №1(2). – S. 15–21. https://doi.org/10.31652/2786-6033-2022-1(2)-15-21 [in Ukrainian]
3. Litalien D. Pourquoi les étudiants de régions rurales montrent des aspirations scolaires plus faibles que ceux provenant de régions urbaines? Une explication basée sur une perspective motivationnelle et relationnelle. – Université Laval, 2008.
4. Reeves E.B., Bylund R.A. Are Rural Schools Inferior to Urban Schools? A Multilevel Analysis of School Accountability Trends in Kentucky // Rural Sociology. – 2005. – Vol. 70(3). – P. 360–386. https://doi.org/10.1526/0036011054831215
5. Siemens E. Multi-Graded, Rural Alberta Schools: Quality Education or Not? // Alberta Journal of Educational Research. – 2023. – Vol. 69(2). – P. 167–181. https://doi.org/10.55016/ojs/ajer.v69i2.74854
6. Lyons T., Quinn F. Rural High School Students’ Attitudes towards School Science // The Australian and International Journal of Rural Education. – 2012. – Vol. 22(2). – P. 21–28.
7. Dewi R.S., Suriansyah A. Pemberdayaan masyarakat untuk peningkatan mutu pendidikan: studi kualitatif pada sekolah di pedesaan dan perkotaan // Elementary. – 2025. – Vol. 5(1). – P. 33–43. https://doi.org/10.51878/elementary.v5i1.4158
8. Cheng G. The Effect of Education Groups on the Quality of Urban and Rural Compulsory Education: An Empirical Analysis Based on CEPS Data // Best Evidence of Chinese Education. – 2022. – Vol. 11(2). – P. 1517–1522. https://doi.org/10.15354/bece.22.ab004
9. Truscott D.M., Truscott S.D. Differing Circumstances, Shared Challenges: Finding Common Ground between Urban and Rural Schools // Phi Delta Kappan. – 2005. – Vol. 87(2). – P. 123–130. https://doi.org/10.1177/003172170508700208
10. Sadyrova M., Mukhtarova K., Orymbetov A.E. Professional Preferences of Kazakhstan School Graduates: Methodology of Scientific Research // The Journal of Psychology and Sociology. – 2023. – Vol. 86(3). – P. 115–125. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.010
11. Курманбаев Р.Х., Кожанова А.Е., Берденкулова А.Ж. Внедрение модели «Зеленая школа» как фактор формирования экологического мировоззрения учащихся сельских школ // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2025. – №1(135). – Б. 419–431. https://doi.org/10.47526/2025-1/2664-0686.175 / Kurmanbaev R.H., Kozhanova A.E., Berdenkulova A.Zh. Vnedrenie modeli «Zelenaia shkola» kak faktor formirovania ekologicheskogo mirovozzrenia uchashihsia selskih shkol [The introduction of the “Green School” model as a factor in shaping the ecological worldview of rural school students] // Iasaui universitetіnіn habarshysy. – 2025. – №1(135). – B. 419–431. https://doi.org/10.47526/2025-1/2664-0686.175 [in Russian]
12. Beimisheva A.S., Argynbaeva Zh.Zh. Socio-Economic Development of the Regions of Kazakhstan: Educational Inequality in Cities and Villages // Central Asian Economic Review. – 2023. – №3. – P. 69–83. https://doi.org/10.52821/2789-4401-2023-3-69-83
