Кеңейтілген шынайылық технологияларын қолдана отырып студенттердің дене шынықтырумен айналысуға деген ынтасын арттыру әдістері
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47526/3107-3123.96Кілт сөздер:
Кілт сөздер: дене тәрбиесі, мотивация, жаттығу, кеңейтілген шынайылық технологиясы, білім беру үдерісі, әдістер, денсаулық пен амандық.Аңдатпа
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында дене тәрбиесін оқыту кезінде кеңейтілген шынайылық (AR) технологиясын пайдаланудың тиімділігі егжей-тегжейлі қаралады. Зерттеу студенттердің дене дайындығының көрсеткіштерін бағалауда, дене жаттығуларын орындау кезінде жіберілген қателіктерді дәл анықтауда және олардың қызығушылығын арттыруда AR-технологияның рөлін сипаттайды. Зерттеудің негізгі мақсаты – AR технологиясының көмегімен студенттердің дене тәрбиесіне қызығушылығына әсерін анықтау және дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда олардың дене дайындығындағы өзгерістерді талдау. Зерттеу міндеттерінің ішінде: дене тәрбиесі бойынша білім беру үдерісінде AR-технологияларды қолдануға бағытталған ғылыми әдебиеттерді талдау; дене тәрбиесі пәніне AR-технологияларды енгізу арқылы студенттердің қызығушылығын арттыру бойынша тәжірибелік ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу жұмысы дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда AR технологиясын пайдалану арқылы алынған нәтижелерді талдауға негізделген. Мақалада студенттерді өз бетінше және бірлесіп оқыту түрлерінің арасындағы айырмашылықтар, олардың тұжырымдамалық ойлау дағдыларына, байланыстар мен өзара іс-қимыл орнатуға әсері анықталды. Зерттеу нәтижелері AR технологиясын пайдаланатын студенттердің дене дайындығы көрсеткіштерінің едәуір жоғарылағанын көрсетті, бұл технологияның білім беру тәжірибесін жетілдіру және оқу үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін ғылыми негіз бола алатынын көрсетеді. Бұдан басқа, мақалада AR технологиясын оқу үдерісіне енгізудің тиімді тәсілдері, инновациялық әдістерді интеграциялау кезінде туындайтын кедергілер және үздік тәжірибелер талданады. Зерттеу Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында жүргізілді. Тәжірибелік тексеру мақсатында «А» (27 студент) және «Б» (23 студент) эксперименттік топтары (барлығы 50 студент), «В» бақылау тобы (69 студент) белгіленіп, алынған нәтижелерді оқу үдерісіне енгізу жолдары қарастырылады.
Әдебиеттер тізімі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Тоқаев Қ.-Ж. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы. - Ақорда: https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-zhasandy-intellekt-dauirindegi-kazakstan-ozekti-maseleler-zhane-ony-tubegeyli-cifrlyk-ozgerister-arkyly-sheshu-881957 (Қаралған күні: 19.09.2025).
2. Қазақстан Республикасының Заңы «Дене шынықтыру және спорт туралы» № 228-V ҚРЗ, 03.07.2014 ж., өзгерістермен: 17.07.2025. – https://zakon.uchet.kz/kaz/docs/Z1400000228 (Қаралған күні: 20.09.2025).
3. Садыкова А.Ә., Атемова Қ.Т., ГелишлиЮджел. Цифрлы технология жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарын қалыптастырудың құралы ретінде // Ясауи университетінің хабаршысы. - 2025. - №1(135). - Б. 472-484.
https://doi.org/10.47526/2025-1/2664-0686.180
4. Маковенко Р.Д. Использование технологий дополненной реальности на уроке физической культуры // Материалы Международной научно-практической конференции. - Москва, 2022. - С. 39-44.
5. Катренко М.В., Куликова Т.А., Поддубная Н.А., Журавлева Ю.И. Цифровые технологии в образовательном процессе по физической культуре // Вестник Северо-Кавказского федерального университета. - Ставрополь, 2023. - № 2. - С. 222-232.
6. Кузнецова Е.А., Видяйкина П.М., Таурова Д.А. Применение технологий виртуальной и дополненной реальности в обучении студентов экономических специальностей // Проблемы современного педагогического образования. - 2022. - № 75-4. - С. 155-157.
7. Омаров Б.С., Омаров Н.Б., Кенжаева Б.Б., Еримбетов Н.С. Использование цифровых технологий для стимулирования интереса студентов к физической активности // IV Междуранодной научно-практической конференции «Образование, воспитание и применение инновационных технологий в области физического воспитания и спорта: проблемы и пути решения». - Ташкент, 2025. - С. 282-289.
8. Таран В.Н. Применение дополненной реальности в обучении // Проблемы современного педагогического образования. - Москва, 2018. – № 3 (60/2). - С. 333-337.
9. Козлов А.В. Виртуальная и дополненная реальности в высшем техническом образовании // Современное педагогическое образование. – Москва, 2023. - № 2. - С. 111-116.
10. Корнеева Н.Ю., Уварина Н.В. Иммерсивные технологии в современном профессиональном образовании // Современное педагогическое образование. - 2022. - № 6. - С. 17-22.
11. Котов Г.С. Иммерсивный подход в образовании: возможности и проблемы реализации // Проблемы современного педагогического образования. - 2021. - № 73-1. - С. 179-181.
12. Omarov B., Doskarayev B., Omarov N., Kendzhayeva B., Anarbayev A., Yessirkepov Z. Integrating augmented reality technology to enhance student’s learning in physical education // International Journal of Health Sciences. - 2022. - Vol. 6, Special Issue 9. - P. 2416-2424. - DOI: https://doi.org/10.53730/ijhs.v6nS9.12951
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Yassawi Journal of Education Studies

Бұл жұмыс Creative Commons атрибуты бойынша лицензияланған. 4.0 Халықаралық лицензия.