Материалдарды жіберу

Материалды жіберу үшін сізге Кіру немесе Тіркелу қажет.

Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі

Жіберу процесінің бөлігі ретінде авторлар олардың ұсыныстары келесі тармақтардың барлығына сәйкес келетінін тексеруі керек, ал егер олар осы талаптарға сәйкес келмесе, авторларға қайтарылуы мүмкін.
  • Осы қолжазба бұрын жарияланбаған және басқа басылымда қаралу үстінде емес.
  • Қолжазбаның негізгі файлы double-blind рецензиялау талаптарына сәйкес анонимдендірілген (авторлар туралы деректер мәтінде және файл қасиеттерінде жоқ).
  • Қолжазба «Авторларға арналған нұсқаулықтағы» стильдік және библиографиялық талаптарға толық сәйкес келеді.

Авторларға арналған нұсқаулық

Журналда материалды жариялау Open Journal System (https://publications.ayu.edu.kz) - онлайн жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Мақала үлгісін жүктеу

1. Журналға бұрын жарияланбаған мақалалар қабылданады. Мақала журналдың сайтына https://publications.ayu.edu.kz жүктеу арқылы (Open Journal System) электронды форматтa (docx) қабылданады.

2. Ғылыми мақаланың оңтайлы көлемі (тақырыбы, авторлар туралы мәлімет, әдебиеттер тізімін қоспағанда) 3000 сөзден кем емес, 7000 сөзден артық болмауы тиіс.

3. Абзацтың көлемі - 1 см, мәтін бір интервал аралықта теріледі, параметрлері: жоғары жағы - 2 см; төменгі жағы - 2 см; оң жағы - 2 см; сол жағы - 2 см. Шрифт кеглі - 12, шрифт түрі - Times New Roman. Беттерді нөмірлеу: талап етілмейді.

4. Сурет, кесте, график, диаграмма және т.б. мәтін ішінде нөмір және атаумен белгіленеді. (Мысалы, Сурет 1. Сурет атауы). Суреттердің, таблица, график пен диаграммалардың саны мақаланың жалпы көлемінің 20%-нан (кей жағдайда 30%) артық болмауы керек. Кестелер тақырыбымен нөмірленіп берілуі тиіс. Олар міндетті түрде мәтінде еске алынуы керек.

5. Бірінші бет:

  • ӘОЖ (УДК) - әмбебап ондық жіктегіш индексі, МҒТАР (https://grnti.ru) - Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттық рубрикатор коды.
  • Мақала авторының / авторларының (5 автордан артық емес) аты-жөні, жұмыс орны (орналасқан жері), қаласы, елі, электрондық поштасы аффилиациямен 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) көрсетіледі. Авторлар туралы мәліметтер кіші әріптермен Шрифт кеглі - 12, шрифт түрі - Times New Roman және курсив қарпімен беріледі.
  • Авторлар туралы толық мәліметтер (аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызмет орны, мекен-жайы, ұялы телефоны, эл. поштасы) қосымша файлдың соңында жіберіледі.

6. Мақаланың тақырыбы - ғылыми жұмыстың мазмұнын көрсете алу қажет. Мақаланың аты мазмұнын ашып тұратын ұтымды болуы керек. Ол түсінікті әрі ұғынықты болу керек. Алайда, оқырман назарын аудару үшін сенсациялық тақырыптарды ұсынудан аулақ болыңыз. Мақаланың тақырыбы қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жартылай қалың қаріппен сондай-ақ, бас әріптермен көрсетілуі керек.

7. Аннотация - 150-250 сөз көлемінде 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын). Егер мақала түрік тілінде болса, онда түрік тілімен қоса 4 тілде (формула, библиографиялық сілтемелер болмауы тиіс). Аннотация - мақаланың мақсаты мен мазмұнын, негізгі нысанымен қатар өзіндік ерекшеліктерін қысқаша сипаттау.

8. Кілт сөздер/сөз тіркестері - ғылыми сала және зерттеу әдістері тұрғысынан мәтіннің мазмұнын көрсететін сөздер жиынтығы. Ұсынылатын кілт сөздер саны - 5-7, кілт сөз тіркесіндегі сөздер саны - 3-тен аспағаны жөн және 3 тілде (қазақ, орыс және ағылшын) ұсынылады. Егер мақала түрік тілінде болса, онда 4 тілде ұсынылады. Кілт сөздер мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі тиіс, мақала мәтініндегі терминдерді, сонымен қатар тақырып аясын анықтайтын және өзге де іздеуді жеңілдететін ақпараттық іздеу жүйесі арқылы мақаланы табудың мүмкіндіктерін кеңейтетін басқа да маңызды ұғымдарды көрсететін терминдерді қолдану керек.

9. Мақала мәтіні. Негізгі мәтін мақаланың мақсаты, міндеттері, қарастырылып отырған сұрақтың тарихы, зерттеу әдістері, нәтижелерін талқылау, қорытынды бөлімдерін қамту қажет.

  • Кіріспеде автор зерттеудің тақырыбымен, міндеттерімен және кезеңдерімен таныстырады. Кіріспе оқырманға авторлардың гипотезасын және оны тексеру құралдарын түсінуге мүмкіндік береді.
  • Зерттеу әдістері/зерттеу әдістері мен материалдар - бұл бөлімде авторлар ғылыми жұмыс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді немесе зерттеу әдістері мен материалдарды ұсынуы қажет.
  • Талдау мен нәтижелер - ғылыми мақаланың негізгі бөлігі зерттеу жұмысы үшін таңдалған әдіс-тәсілдер ғана емес, сонымен бірге, алынған нәтижелерді теориялық тұрғыдан талдай отырып, дәйектемелер ұсынудан тұрады. Автор бұл бөлімде зерттеу жұмысының нәтижелерінің тезисін жинақтайды. Зерттеу жұмысының нәтижесі жазбаша түрде және кесте, диаграмма, статистикалық көрсеткіштер түрінде ұсынылуы мүмкін.
  • Қорытынды - мақаланың бұл бөлімінде автор ғылыми жұмысқа қатысты субъективті ойын білдіре отырып, зерттеу жұмысының нәтижелері негізінде қорытынды пікірін ұсынады.

Қаржыландыру туралы ақпарат - болған жағдайда (мақала соңында курсив әріптермен жарияланатын материалдың тілінде) жазылады. Бұл бөлімде қаржыландыру көздері (гранттар, бірлескен жобалар және т.б.) көрсетіледі.

Жасанды интеллект технологияларын пайдалану туралы хабарлама: Ғылыми мақалалардың авторлары өз еңбектерін дайындау барысында жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын әртүрлі кезеңдерде, соның ішінде мәтін жазу, редакциялау, фактілерді тексеру және деректерді талдау кезінде қолдана алады. Алайда, қолжазбаны жазу кезінде автор(лар) генеративті ЖИ мен оған байланысты технологияларды қолданғаны туралы мақалада нақты көрсетуге міндетті.

Пайдаланылған ЖИ үлгісі әдебиеттер тізімінде (References) келесі форматта көрсетілуі тиіс: Үлгі атауы. (жылы, айы, күні). Сұраныс немесе мазмұн сипаттамасы [Үлкен тілдік үлгі]. Платформа атауы. URL

10. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Әдебиеттер тізімі 15-20 дереккөзден тұруы тиіс, оның ішінде кемінде 30% - шетелдік дереккөздер және/немесе халықаралық дерекқорларда индекстелетін дереккөздер болуы қажет. Соңғы 3-5 жыл ішіндегі дереккөздерден кемінде 10 атауды (соның ішінде Scopus/Web of Science) енгізу ұсынылады. Журнал мақалалары үшін DOI міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Өзін-өзі дәйектеуге шектеу: әдебиеттер тізімінің 20%-ынан аспауы керек.

Мәтін ішіндегі сілтемелер

Сілтемелер автор-жыл форматында беріледі: (Abishev, 2025)

Егер бір автордың бір жылда бірнеше еңбегі болса: (Ivanov, 2023a), (Ivanov, 2023b)

Әдебиеттер тізімі тек ағылшын тілінде

References бөлімі тек ағылшын тілінде беріледі және APA стилі бойынша рәсімделеді. Ағылшын тіліндегі дереккөздер бастапқы (оригинал) нұсқасында көрсетіледі.

Егер дереккөздің түпнұсқасы қазақ немесе орыс тілінде болса, төмендегі үлгі бойынша рәсімделеді:

автор(лар) → (жыл) → транслитерацияланған атауы [ағылшын тіліндегі аудармасы квадрат жақшада] → басылым/шығу деректері (ағылшынша белгілеулермен) → (in Russian)/(in Kazakh).

Мысал: Ivanov I.I. (2023). Jazykovye kartiny mira kak proizvodnye nacionalnyh mentalitetov [Linguistic worldviews as derivatives of national mentalities]. Moscow: KDU, 200 p. (in Russian).

11. Мақала ғылыми этикаға сәйкес болуы керек. Сонымен қатар, мақалада «Yassawi Journal of Engineering Science», «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабарлары (математика, физика, информатика сериясы)» журналдарында жарық көрген мақалаларға сілтеме жасалғаны жөн.

12. Журналға жариялау үшін мақалалар ҚР, Түркия, сондай-ақ басқа да алыс-жақын шетелдердегі барлық ұйымдардан қабылданады. Журналдың электронды поштасы: journal.engineering@ayu.edu.kz

13. Ғылыми мақалалар университет және басқа ЖОО ғалымдарының қос «жасырын» рецензиялау нәтижесінен және редакция шешімінен кейін өндіріске жіберіледі.

14. Қолжазбалар өңделеді және авторларға қайтарылмайды. Мақала мазмұнына редакция жауап бермейді.

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект

Осы бөлімге ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект, машиналық оқыту, терең оқыту, деректерді талдау, бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу, киберқауіпсіздік, автоматтандыру, цифрлық технологиялар және осы бағыттарға қатысты қолданбалы әрі теориялық зерттеулер бойынша ғылыми мақалалар қабылданады.

Инженерлік технологиялар, энергетика және автоматтандыру

Осы бөлімге инженерлік технологиялар, энергетика, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері, автоматтандыру, басқару жүйелері, өнеркәсіптік процестерді автоматтандыру, мехатроника, робототехника, электр техникасы, энергетикалық тиімділік, техникалық жүйелерді модельдеу және осы бағыттарға қатысты қолданбалы әрі теориялық зерттеулер бойынша ғылыми мақалалар қабылданады.

Құпиялық туралы мәлімдеме

Электронды журналға енгізілген атаулар мен электрондық пошта мекенжайлары тек қана осы журналда айқындалған мақсаттар үшін ғана пайдаланылады