ТОТАЛИТАРЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ САЯСИ ЫҚПАЛ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРБАН БЕЙНЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

Авторлар

  • А. ӨЗТҮРК Орду университеті
  • Қ. ҚАБАЙ Астана қаласы әкімдігінің «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47526/3107-3085.225

Кілт сөздер:

терминологиялық құрылым, лексика-семантикалық өріс, қазақ тілі, тоталитарлық кезең, саяси ықпал терминологиясы.

Аңдатпа

Терминдер – тілдің маңызды қабатын құрайтын, белгілі бір ұғымды жүйелі түрде атауға мүмкіндік беретін сөздер мен сөз тіркестері, яғни лексикалық бірліктер. Тілдегі терминологиялық құрылым халықтың қоғамдық өмірінде орын алған өзгерістерге байланысты қалыптасып, үнемі жаңарып отырады.

XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ халқы бастан өткерген тарихи үдерістер қоғамдық жадта терең із қалдырды. Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы көтерілістер, Совет үкіметінің орнауы, ашаршылық жылдары, ұжымдастыру саясаты және саяси жағдайларға байланысты жер аудару кезеңі секілді ірі тарихи оқиғалар қысқа уақыт аралығында бірінен кейін бірі жүзеге асып, қоғамдық құрылымның түбегейлі өзгеруіне алып келді. Бұл мақалада 1937-1938 жылдары жүзеге асырылған жаппай әкімшілік-саяси ықпал шараларының негізін қалаған № 00447 жедел бұйрық лингвистикалық және терминологиялық тұрғыдан қарастырылады. Аталған бұйрық 1937 жылғы 30 шілдеде «аса құпия» мәртебесімен күшіне енгенімен, қазіргі таңда ашық зерттеуге мүмкіндік беретін тарихи құжаттардың бірі саналады. Зерттеу барысында бұйрықтың мазмұны, баптары және қамтыған қолданылу аясы сараланып, мәтіннің лексикалық құрылымы, әсіресе терминологиялық бірліктері талданады. Бұйрық мәтінінде кездесетін негізгі терминдер анықталып, тақырыптық тұрғыдан топтастырылды және олардың қазақ тіліндегі қолданыстары сөздік материалдары негізінде қарастырылды. Терминологиялық құрылымды тақырыптық жағынан жіктеу саяси ықпал құрбандары бастан өткерген үдерістерді ғылыми әрі объективті негізде түсіндіру тұрғысынан маңызды болмақ. Сонымен қатар зерттеуде аталған терминдердің қазақ тіліндегі қолданыстарын сөздіктерде берілген нұсқалар негізінде қайта жүйелеу мақсаты көзделеді.

Совет кезеңінде «антисоветтік элемент» ретінде танылып, қоғамдық өмірден шеттетілген жүз мыңдаған адамның бүгінгі күні «құрбан» бейнесі аясында қайта бағалану үдерісі осы бұйрықты тілдік және терминологиялық тұрғыдан зерттеу арқылы жүзеге аса алады. Осы тұрғыдан алғанда мақала саяси ықпал терминологиясы бағытында жүргізілетін болашақ зерттеулерге жаңа әдіснамалық бағдар ұсынуды мақсат етеді.

Әдебиеттер тізімі

1. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия материалдары (ХХ ғасырдың 20–50 жылдары). І том / Ред. Е. Қарин. – Нұр-Сұлтан, 2022. – 622 б.

2. Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңдарының заң терминдері мен ұғымдарының сөздігі. – Астана: «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ЖШС, 2007. – 1000 б.

3. Заңнамада жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері. Қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздік. 1-кітап. / Жалпы ред. басқ. К.М. Демеш. – Алматы: Қазығұрт, 2013. – 456 б.

4. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы: ИСИ, 2007. – 616 б.

5. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1978. – 590 б.

6. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Алтын қазына, 2007. – 710 б.

7. Орысша-қазақша сөздік. ІІ том. – Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы, 1946. – 403 б.

8. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 8-том / Құраст.: Қ. Күдеринова, О. Жұбаева, М. Жолшаева және т.б. – Алматы, 2011. – 744 б.

9. Тілешов Е., Қамзабекұлы Д. Алаш қозғалысы: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Сардар, 2014. – 528 б.

10. Гаибов Б. Дашнаки. – Баку: Коммунист, 1990. – 28 б.

11. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 1-том / Құраст.: Т. Жанұзақ, С. Омарбеков, Ә. Жүнісбек және т.б. – Алматы, 2011. – 752 б.

12. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті. Termincom.kz: терминологиялық электрондық база. [Электронды ресурс]. URL: https://termincom.kz/ (қаралған күні 29.06.2026)

13. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 3-том / Құраст.: Б. Сүйерқұлова, Т. Жанұзақ, О. Жұбаева және т.б. – Алматы, 2011. – 744 б.

14. Құрманбайұлы Ш. Қазақ тіліндегі қысқарған сөздер. – Алматы: Баспалар үйі, 2013. – 293 б.

15. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 10-том / Құраст.: М. Малбақов, Н. Оңғарбаева, А. Үдербаев және т.б. – Алматы, 2011. – 752 б.

16. Ахметова М., Самратов А. Орысша-қазақша саяси сөздік. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. – 192 б.

17. Ахмет Н.Қ. Сәлімгерей Қаратілеуовті айыптау хронологиясы: сталиндік репрессия механизмінің кезеңдік эволюциясы // Qazaq Journal of Young Scientist. – 2026. – Vol. 4. – №3. – Б. 177–185.

REFERENCES

1. Sayasi qugyn-surgin qurbandaryn tolyq aqtau zhonindegi memlekettik komissiya materialdary (XX gasyrdyn 20–50 zhyldary). I tom [Materials of the state commission for the full rehabilitation of victims of political repression (20-50s of the XX century). Volume I] / Red. E. Qarin. – Nur-Sultan, 2022. – 622 b. [in Kazakh]

2. Qazaqstan Respublikasy qoldanystagy zandarynyn zan terminderi men ugymdarynyn sozdigi [Dictionary of legal terms and concepts of the current legislation of the Republic of Kazakhstan]. – Astana: «Qazaqstan Respublikasynyn Zan shygaru instituty» ZhShS, 2007. – 1000 b. [in Kazakh]

3. Zannamada zhii qoldanylatyn sozder men soz tirkesteri. Qazaqsha-oryssha zhane oryssha-qazaqsha sozdik. 1-kitap. [Words and phrases that are often used in legislation. Kazakh-Russian and Russian-Kazakh dictionary. Book 1] / Zhalpy red. basq. K.M. Demesh. – Almaty: Qazygurt, 2013. – 456 b. [in Kazakh]

4. Sayasi tusindirme sozdik [Political Explanatory Dictionary]. – Almaty: ISI, 2007. – 616 b. [in Kazakh]

5. Oryssha-qazaqsha sozdik [Russian-Kazakh dictionary]. – Almaty: Qazaq sovet enciklopediasynyn bas redakciasy, 1978. – 590 b. [in Kazakh]

6. Bektaev Q. Ulken qazaqsha-oryssha, oryssha-qazaqsha sozdik [Big Kazakh-Russian, Russian-Kazakh dictionary]. – Almaty: Altyn qazyna, 2007. [in Kazakh]

7. Oryssha-qazaqsha sozdik. II tom [Russian-Kazakh dictionary. Volume II]. – Almaty: Qazaq SSR Gylym akademiasynyn baspasy, 1946. – 403 b.

8. Qazaq adebi tilinin sozdigi. On bes tomdyq. 8-tom [Dictionary of the Kazakh literary language. Fifteen volumes. Volume 8] / Qurast.: Q. Kuderinova, O. Zhubaeva, M. Zholshaeva zhane t.b. – Almaty, 2011. – 744 b. [in Kazakh]

9. Tileshov E., Qamzabekuly D. Alash qozgalysy: enciklopedialyq anyqtamalyq [Alash movement: an encyclopedic reference book]. – Almaty: Sardar, 2014. – 528 b. [in Kazakh]

10. Gaibov B. Dashnaki [Dashnaks]. – Baku: Kommunist, 1990. – 28 b. [in Russian]

11. Qazaq adebi tilinin sozdigi. On bes tomdyq. 1-tom [Dictionary of the Kazakh literary language. Fifteen volumes. Volume 1] / Qurast.: T. Zhanuzaq, S. Omarbekov, A. Zhunisbek zhane t.b. – Almaty, 2011. – 752 b. [in Kazakh]

12. Qazaqstan Respublikasy Gylym jane jogary bilim ministrligi Til saiasaty komiteti. Termincom.kz: terminologialyk elektrondyk baza [Committee on language policy of the Ministry of Science and higher education of the Republic of Kazakhstan. Termincom.kz: terminological electronic database]. [Electronic resource]. URL: https://termincom.kz/ (date of access 15.04.2026)

13. Qazaq adebi tilinin sozdigi. On bes tomdyq. 3-tom [Dictionary of the Kazakh literary language. Fifteen volumes. Volume 3] / Qurast.: B. Suierqulova, T. Zhanuzaq, O. Zhubaeva zhane t.b. – Almaty, 2011. – 744 b. [in Kazakh]

14. Qurmanbaiuly Sh. Qazaq tilindegi qysqargan sozder [Abbreviations in the Kazakh language]. – Almaty, 2013. – 296 b. [in Kazakh]

15. Qazaq adebi tilinin sozdigi. On bes tomdyq. 10-tom [15. Dictionary of the Kazakh literary language. Fifteen volumes. Volume 10] / Qurast.: M. Malbaqov, N. Ongarbaeva, A. Uderbaev zhane t.b. – Almaty, 2011. – 752 b. [in Kazakh]

16. Ahmetova M., Samratov A. Oryssha-qazaqsha sayasi sozdik [Russian-Kazakh political dictionary]. – Almaty: Sozdik-Slovar, 2006. – 192 b. [in Kazakh]

17. Ahmet N.Q. Salimgerei Qaratileuovti aiyptau hronologiasy: stalindik repressia mehanizminin kezendik evoliuciasy [Chronology of the accusation of salimgerei Karatleuov: periodic evolution of the mechanism of Stalinist repression] // Qazaq Journal of Young Scientist. – 2026. – Vol. 4. – No. 3. – B. 177–185. [in Kazakh]

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Лингвистика